Түркияда 40 мың адам коронавирустың британдық штамын жұқтырды

0
2 741

​Түркияның барлық дерлік провинциясында коронавирустың британдық штамы анықталды. Сол сияқты ОАР штамын жұқтырғандар да бар.


Түркияда 40 мың адам коронавирустың британдық штамын жұқтырды

ERNUR.KZ. Түркияда 40 мыңнан астам адамның коронавирустың британдық штамын жұқтырғаны анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Британдық штамм 81 провинцияның 76-сында анықталған. Бұдан бөлек ОАР штамын жұқтырған 61 жағдай тіркелді. Ал коронавирустың нью-йорктік және бразилиялық түрін екі адам жұқтырған.

"Коронавирустың түрлі мутациясының таралуы арта түсті. Бұл ауруханаға жатқан адамдардың санына әсер етпегенімен, жалпы науқастар санының артуына себепші болады деген болжам бар", – деді Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа.

Коронавирустың жаңа мутациясы 2020 жылдың желтоқсанында анықталды. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың мутациясы үлкен жылдамдықпен таралып жатқанын растады.

2021 жылдың қаңтарында ел премьер-министрі Борис Джонсон "жаңа мутация адам өлімінің жоғары көрсеткішіне қандай да бір ықпалы бар деген тұжырым бар" екенін айтты. Ол Ұлыбританияда қолдануға рұқсат берілген үш вакцина да жаңа штамнан тиімді қорғайтынын еске салды.