Түркияда лай көшкіні жүріп, 1 адам көз жұмды

0
238

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апатынан бір адам көз жұмып, тағы 4 адам әртүрлі жарақат алды.


Түркияда лай көшкіні жүріп, 1 адам көз жұмды

Фото: Anadolu ajansı

ERNUR.KZ. Түркияның Ризе провинциясында лай көшкін жүріп, бір адам көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апатынан бір адам көз жұмып, тағы 4 адам әртүрлі жарақат алды.

Лай көшкіні қатты нөсер жаңбыр салдарынан болған. Оқиға орнына жедел жеткен жергілікті билік пен құтқару қызметі зардап шеккендерге көмек көрсетіп, шығын көлемін бағалап жатыр. Чайели мэрі Исмаил Хаккы Чифтчи тұрғындарды әсіресе көшкін қаупі бар аймақтарда сақ болуға шақырды.

«Жаңбырлы маусым бізден қырағылықты талап етеді. Біз мұндай оқиғалардың салдарын барынша азайту үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», - деді ол.

Қазір аумақты тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.