​Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

0
165

Бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болып, кем дегенде 236 адам зардап шеккен.


​Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Рixabay

ERNUR.KZ. Түркияның батысындағы Кютахья қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 07:23–те (Қазақстан уақытымен 09:23) қаланың батысындағы Симав ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан.
— Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болып, кем дегенде 236 адам зардап шеккенін жаздық.
Түркия билігі жер сілкінісінен ғимараттардың зақымдануы туралы 378 хабарлама алған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді.