​Таиландтағы ұшақ апатынан полиция қызметкерлері қаза тапты

0
174

Әуе кемесі Прачуапхирихан провинциясының жағалауында теңізге құлады.


​Таиландтағы ұшақ апатынан полиция қызметкерлері қаза тапты

Фото: АА

ERNUR.KZ. Таиландтың Прачуапхирикхан провинциясының жағалауында полицияның шағын ұшағы апатқа ұшырап, алты қызметкер қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Әуе кемесі Прачуапхирихан провинциясының жағалауында теңізге құлады.

Мәлімет бойынша, DHC-6-400 Twin Otter ұшағы жоспарланған парашют жаттығуларының алдында сынақ ұшуын жүзеге асырды. Ұшақ Хуахин ауданынан жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:00 шамасында ұшып шықты, бірақ көп ұзамай Хуахин әуежайының маңында теңізге құлады.
Борттағы полицияның алты қызметкерінің барлығы қаза тапты. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.
Бұған дейін ұшақ Сиам шығанағында, Пхетчабури провинциясындағы Baby Grande Hua Hin қонақүйінің маңында құлағанын жазған болатынбыз.