​Туыстары іздеу салған қазақстандық келіншек ресейдің "жындыханасынан" табылды

0
1 362

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен келіншек Ресейдің ақыл-есі төмен науқастарға арналған клиникасынан табылды. Келіншек Барнауыл қаласында өмір сүрген екен.


​Туыстары іздеу салған қазақстандық келіншек ресейдің

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен келіншек Ресейдегі ақыл-есі төмен науқастарға арналған клиникадан табылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.

Еріктілердің айтуынша, қазақстандық келіншек әзірге туған-туыстарымен тілдеспей отыр.

Екі баласы бар келіншек осы жылдың ақпан айында із-түссіз жоғалып кеткен еді. Осы кезге дейін еріктілер мен туыстары іздеуді тоқтатпаған. Оның өзге елде, тіпті, ақыл есі төмен науқастарға арналған клиникаға қалай тап болғаны белгісіз.

Ауруханаға түскенге дейін келіншек Барнауыл қаласында тұрған.