Удай мас ер адам 1,5 жасар немересін пешке салып, өртеп жіберген

1
577

Жаға ұстатар қайғылы оқиға 10 қаңтарда орын алған, оған қатысты сот үкімі енді шықты.


Удай мас ер адам 1,5 жасар немересін пешке салып, өртеп жіберген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ресейдің Қорған облысы, Бутырское ауылында удай мас егде ер адам немересін жанып жатқан пешке салған, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаға ұстатар қайғылы оқиға 10 қаңтарда орын алған, оған қатысты сот үкімі енді шықты.

Kurgan.ru сайтының хабарлауынша, ер адам бір жарым жастағы немересіне қарап, үйінде қалған.

"Атасы немересін әткеншекке отырғызып қояды, бала одан құлап, есінен танып қалады. Бұл әрекетін жасырғысы келген ер адам баланы жанып жатқан пешке салып, аузын тарс жауып тастаған", - делінген хабарламада.

Нәресте қайтыс болды. Сот шешімі бойынша, қария енді 19 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізетін болды.