Үйлену тойларын бір сценариймен өткізу ұсынылды

0
2 027

Той иелері шара өткізетіні туралы бір апта бұрын жергілікті билік өкілдеріне ескертуі тиіс.


Үйлену тойларын бір сценариймен өткізу ұсынылды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Өзбекстанның мәдениет министрінің орынбасары Камола Акилова үйлену тойлары мен салтанатты шараларды біріңғай сценарий бойынша өткізуді ұсынды, деп жазады centralasian.org.

Оның айтуынша, мәдениет министрлігі "Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп үлкен тойларды өткізу ережесін жасап жатыр.

"Ең бастысы тарихи және ұлттық құндылықтар сақталуы тиіс. Сонымен бірге заманауи үрдіс те болуы керек. Үйлену тойларының тарихын зерттеп ашуға ғалымдарды тартуымыз керек",- деді Акилова.

Биыл қыркүйекте ел парламенті "Үйлену тойларды, мерекелік шараларды және тұрмыстық деңгейде өтетін тойларды өткізу тәртібі туралы" жобаны қабылдаған.

Оған сәйкес, отбасылық шараларды бір күн ғана - таңғы алтыдан түнгі 23.00-ге дейін өткізуге рұқсат берілген. Бұл ережеге марқұмды соңғы сапарға шығарып салу кірмейді.

Онда сонымен бірге отбасылық іс-шараларға 200-ге дейін, үйлену тойларға 250-ге дейін және дастархан жайылған асқа 300-ге дейін адам қатыса алатыны көрсетілген.

Той иелері шара өткізетіні туралы бір апта бұрын жергілікті билік өкілдеріне ескертуі тиіс.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыдағы ережені бұзғандарға 230-1170 доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған.