Улану қаупі бар - Дания Оңтүстік Кореяның ащы кеспелерін сатып алудан бас тартты

0
496

Данияның азық-түлік агенттігі тұтынушыларды өнімнен бас тартуға шақырып, ескерту берді.


Улану қаупі бар - Дания Оңтүстік Кореяның ащы кеспелерін сатып алудан бас тартты

ERNUR.KZ. Дания Samyang компаниясының бірнеше ащы рамендары: Buldac 3x Spicy & Hot Chicken, 2x Spicy & Hot Chicken және Hot Chicken Tutu дәмдерінен бас тартты. Мамандардың сөзінде, аталған кеспелердің құрамында капсаицин деңгейі өте жоғары, одан адамдар улануы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Данияның азық-түлік агенттігі тұтынушыларды өнімнен бас тартуға шақырып, ескерту берді.

«Егер сіз осы өнімдерді сатып алған болсаңыз, дүкенге қайтып апарып беріңіз немесе тастап жіберіңіз», - делінген хабарламада.

Бірақ Samyang компаниясы тағамның сапасы бәрлық талаптарға сай деп мәлімдеген.

«Данияның азық-түлік басқармасы өнімнің сапасына байланысты емес, дәмі тым ащы болғаны үшін қайтарып отырғанын түсінеміз. Біздің өнімдер бүкіл әлемге экспортталады. Бірақ аталған себептермен ешқашан қайтарылған емес, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр», - деді компания өкілдері.

Капсаицин – чили бұрышының құрамында болатын зат. Ол күйдіру сезімін береді.

Samyang - Оңтүстік Кореяның ірі азық-түлік өндірушісі компаниясы, 1960 жылдардан бері тез дайындалатын кеспе өндіреді.