Үш қыз танысуға тырысқан ер адамды ұрып өлтірген

0
232

47 жастағы ер адам кафеде достарымен отырып, әйелдермен танысуға тырысқан.


Үш қыз танысуға тырысқан ер адамды ұрып өлтірген

фото: 5-tv.ru

ERNUR.KZ. Ресейдің Калуга облысында 9 наурызға қараған түні жатүршігерлік қылмыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.

kaluganews.ru мәліметінше, 47 жастағы ер адам кафеде достарымен отырып, әйелдермен танысуға тырысқан.

Әйел адам ер адамның бұл қылығына ашуланып, 18 жастағы қызына хабарласып, оны ер адам ұрып жібергенін айтқан. Қызы құрбысымен келіп, ер адамды сыртқа алып шыққан.

Қыздар жабылып, ер адамның басынан бірнеше соққы жасаған. Қыздың құрбысы ер адам есінен танып қалғанына қарамастан басынан тепкен.

Ер адам комаға түсіп, артынша мерт болған.

Үш әйел ұсталып, артынша өлімнің нақты себебін анықтау үшін қамаудан босатылған.

Куәгерлердің сөзінше, олар мас болған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.