​Үш полицей әріптесін жабылып зорлады

0
1 896

Көші-қон мәселелеріне қатысты бөлімшеде 23 жастағы қызды үш әріптесі зорлайды.


​Үш полицей әріптесін жабылып зорлады

ERNUR.KZ. Уфада полиция бөлімінің тергеушісін зорлауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputniknews.kz.

Ресейдің Тергеу комитеті Башқұртстан Республикасы бойынша басқармасының Уфа қаласы Киров ауданының тергеу бөлімі РФ ІІМ Уфа ауданы бөлімінің тергеушісіне бірнеше тұлғаның сесксуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасауына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Бастапқы тергеу нәтижелері көрсеткендей, 2018 жылы қазанның 29-ынан 30-ына қараған түні РФ ІІМ Уфа ауданы бөлімінің көші-қон мәселелеріне қатысты бөлімшесінде 23 жастағы қызды үш әріптесі зорлайды.

Қазір күдіктілердің бәрі ұсталды, қылмыстың анық-қанығын білу мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді полицейлерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуы тиіс. Ал жәбірленуші қызға сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.