VPN Пәкістанда ресми түрде харам деп танылды

0
443

Наимидің сөзінше, шариғат заңы бойынша азғындықты насихаттайтын әрекеттерге тыйым салынған.


VPN Пәкістанда ресми түрде харам деп танылды

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Пәкістанның Ислам идеялары кеңесінің төрағасы Рағиб Хуссейн Наими бұғатталған немесе заңсыз сайттарға кіру үшін VPN пайдалану харам екенін айтты, деп жазды stan.kz.

Наимидің сөзінше, шариғат заңы бойынша азғындықты насихаттайтын әрекеттерге тыйым салынған.

“Әдепсіз немесе күпірлікке толы мазмұндағы блоктарды айналып өту үшін пайдаланылатын VPN күнәні насихаттайды. Үкіметтің ислам құндылықтарына қайшы келетін VPN қызметтерін бұғаттаған жөн”, – деді ол.

2023 жылдың мамыр айының басында Ислам идеялары кеңесі әлеуметтік медианы және онлайн-контентті реттеу шараларын ұсынды. Оның ішінде әлеуметтік медианы арнайы реттеушіде тіркеу және "хабарландыру науқандарын" жүргізу де бар.