​WhatsApp-та топқа кіргендерге қауіп төнді

0
1 806

Мамандар WhatsApp мессенджеріндегі топтық чаттардың мүшелеріне қауіп төніп тұр дейді, себебі кез келген адам қолданушылардың ұялы телефонында сақтаулы тұрған мәліметтердің базасын: суреттерін видеолар мен чатта бөліскен слітемелерін жинап ала алады


​WhatsApp-та топқа кіргендерге қауіп төнді

Мамандар WhatsApp мессенджеріндегі топтық чаттардың мүшелеріне қауіп төніп тұр дейді, себебі кез келген адам қолданушылардың ұялы телефонында сақтаулы тұрған мәліметтердің базасын: суреттерін видеолар мен чатта бөліскен слітемелерін жинап ала алады екен. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Зерттеуді Лозаннадағы Федералдық политехникалық мектебінің маманы Киран Гаримелла мен Лондондағы Мария ханым университетінің зерттеушісі Гарет Тайсон жүргізген. Мамандар жарты жыл бойында веб-іздеуден тапқан 178 топтық чаттан мәлімет жинады. Жалпы 46 мың қолданушы жолдаған жарты миллион хабарламаға талдау жасалған. Гаримелла мен Тайсон WhatsApp орнатылған смарфтонды қолданып, мәліметтерді үнді мамандары ұсынған түсіндіру әдісін пайдаланған. Чаттардан алынған барлық мәлімет құрылғыдағы мәліметтер базасында орналасады. Мамандар мәліметті қолданушы топтық чатқа түскеннен кейін ғана алуға болатынын, бірақ оған дейінгі хабарламаларды алу мүмкін емес екенін айтып отыр.