Ыстамбұлдың қақ ортасында атыс болып, қонақүй иесі оққа ұшты

0
498

Қонақүй иесіне үш рет оқ тиіп, содан кейін ол жансақтау бөліміне түскен.


Ыстамбұлдың қақ ортасында атыс болып, қонақүй иесі оққа ұшты

ERNUR.KZ. Түркияның танымал қаласының орталығында Аташехир Юнус Эмре көшесінде болған атыста Ыстамбұлдағы әйгілі Sözbir қонақүйінің қожайыны өліп қала жаздады, деп жазады tengritravel.kz.

Жергілікті Тurizm Ajansi басылымының мәліметінше, қонақүй иесіне үш рет оқ тиіп, содан кейін ол жансақтау бөліміне түскен.

Қонақүй иесіне жасалған шабуыл оқыс оқиға болса керек: басылымның жазуынша, "белгілі кәсіпкер Сердар Сөзбір көшеде келе жатып, тапаншадан әртүрлі бағытта кездейсоқ оқ атқан ер адамды көреді". Ол бұл тәртіпсіздікті тоқтату үшін көлігінде отырып, оқ жаудырған адамды шақырады. Ал ол Сөзбірдің көлігіне қарай бұрылып, кәсіпкерге үш рет оқ атқан.

Қазір куәгерлер полицияға қонақүй иесінің саналы нысанаға емес, біреудің қолына "кездейсоқ" түскенін растады. Полиция аймақтағы камералардан бейнежазбаларды жинап, шабуылдаушыны ұстауға тырысып жатыр.