Өлімге жүрек жетіспеушілігі себеп болған.
Фото: ru.freepik.com
ERNUR.KZ. Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорқып кеткен Өзбекстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстанның Түркиядағы бас консулдығы Telegram каналында жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«2025 жылы 23 сәуірде Ыстанбұлда тұратын жерлесіміз жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Бастапқы мәліметке қарағанда бұл қайғылы оқиға Ыстанбұлдағы жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабатта болған азаматтың қатты үрейге салынуы салдарынан болған», - деп жазылған хабарламада.
Өзбекстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы марқұмның денесін отанына жөнелту үшін қажетті консулдық, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алды.
Еске салайық, сәрсенбі күні Ыстанбұл қаласының маңында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апаттан 151 адам жарақат алып, тәулік ішінде 180-нен астам афтершок болған.