Ташкентте «Дубай шоколадынан» қауіпті бактерия анықталды

0
160


Ташкентте «Дубай шоколадынан» қауіпті бактерия анықталды

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шоколад үлгілерін зертхана арқылы тексерген кезде сапа көрсеткіштеріне сай емес екені анықталған, деп жазады ulysmedia.kz.

Техникалық реттеу саласындағы бақылау жөніндегі инспекция Eco bozor базарлар желісінің Беруни көшесіндегі сауда нүктелерінде сатылып жатқан Fix dessert chocolatier (яғни, «дубайлық шоколад») маркалы өнімдерге қатысты бақылау мақсатында сатып алған.

Сатып алынған өнім үлгілері сапа көрсеткіштерін анықтау үшін O‘zTest мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының сынақ зертханасына жолданған.

Зерттеу нәтижесінде мынадай бұзушылықтар анықталған:

  • мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроағзалар (МАФАМ), сондай-ақ ашытқы саңырауқұлақтары шектен тыс көп мөлшерде табылған;
  • ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) мен Salmonella 25g анықталған.

Аталған көрсеткіштер адам денсаулығы үшін қауіпті саналады және аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін.

Сонымен қатар өнімнің сыртқы пішіні техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерінің таңбалануының қауіпсіздігіне қатысты UzTR.490-022:2017 жалпы техникалық регламентінің нормалары бұзылған.