Астанадағы дәмханада жаппай улану: Тексеріс нәтижесі жарияланды

0
139

17 сәуір күні Астанадағы танымал дәмханалардың бірінде 10 шақты адам уланып, ауруханаға жатқызылды.


Астанадағы дәмханада жаппай улану: Тексеріс нәтижесі жарияланды

Фото: tripadvisor.ru

ERNUR.KZ. Бас қаладағы танымал дәмхананың басқарушы директоры Данияр Байтоқов жаппай улануға себеп болған – санитарлық талаптарға сай келмейтін шикі ет партиясы екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

– Біз зертханалық талдау нәтижелерін алдық. Дәмханамызға санитарлық нормаларға сай келмейтін өнім жеткізілгені анықталды. Сонымен қатар, асханамыздың толықтай таза екені туралы қорытынды да қолымызға тиді. Нақты улану көзі – сырттан жеткізілген шикі ет. Қазір Астана қаласы полиция департаменті мен СЭС бірлесіп ресми тергеу жүргізіп жатыр. Біз тиісті органдармен ашық жұмыс істеп, барлық қажетті ақпаратты бердік, — деп мәлімдеді Данияр Байтоқов Instagram парақшасында.

Басқарушы директоры қабылданған шаралар туралы айтты:

  • Барлық өнім жойылды;
  • Барлық жабдық пен үй-жайлар толықтай жуылып, тазаланып, дезинфекцияланды;
  • Шикізатты қабылдаудан бастап, тағам дайындауға дейінгі барлық кезең қайта тексерілді;
  • Санитарлық талаптар күшейтіліп, қызметкерлер қайта оқытылды;
  • Штатқа санитар дәрігер енгізілді.
  • Барлық аймақтар кәсіби түрде химиялық өңдеуден өткізілді.
– Біз дәмхананы барлық процестердің 100% қауіпсіз екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана қайта ашамыз. Біз сенімді ақтамадық және бұл үшін жауаптымыз. Болған оқиғаны өзгерте алмаймыз, бірақ бұдан былай мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, – деді Байтоқов.

Бұған дейін бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазғанбыз.