Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан территориясында Жеті Өгіз курортынан батысқа қарай 3 км, Подгорное ауылынан оңтүстікке қарай 4 км, Светлая Поляна ауылынан - 12 км, Қаракөл қаласынан оңтүсті батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
ERNUR.KZ. Ыстық көл аумағында 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 21:21-де күші 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қырғызстан ҮҒА сейсмологиялық институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан территориясында Жеті Өгіз курортынан батысқа қарай 3 км, Подгорное ауылынан оңтүстікке қарай 4 км, Светлая Поляна ауылынан - 12 км, Қаракөл қаласынан оңтүсті батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Қырғызстан елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Жеті Өгіз курортында, Подгорное ауылында – 4,5 балл, Светлая Полянада, Кызыл-Суу, Оргочорда- 4 балл, Кабак, Чырак, Богатыровка, Ак-Дёбе, Мундуз, Тилекмат, Жеті-Өгіз, Бёрю-Башта – 3,5 балл, Карақол қаласында, Михайловка, Тоғыз-Бұлақ, Октябрское, Тегизчил, Тюп, Дарқан, Теплоключенко елді мекендерінде 3 бал болған.