Эксклюзивті бетперделердің құны - миллион йен, яғни 9 600 доллар.
ERNUR.KZ. Жапония астанасы Токио қаласындағы дүкендердің бірінде масканың люкс түрлері сатыла бастады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан танымал дүкеннен қазір бетперденің 200-ден астам түрін табуға болады, деп жазады sputniknews.kz.
Mask.com бренді жуырда інжуден жасалған және гауһар таспен көмкерілген қымбат маскалар жасап шығарды.
Бұл эксклюзивті бетперделердің құны - миллион йен, яғни 9 600 доллар.
Осылайша жапондық бренд коронавирустан зардап шеккен сән индустриясына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, дейді дүкен иелері.
Гауһар тасты маскалар 0,7 қаратты асыл таспен және 300-ден астам Сваровски кристалымен көмкерілген, ал інжу бетперделер 330-ға жуық Акойя інжуінен "өрілген".
Дегенмен, жапондық маска әлемдегі ең қымбат бетперде емес. Израильдік зергер 250 грамм 18 қаратты алтыннан әзірлеген масканың құны - 1,5 миллион доллар.
Әлемдегі ең қымбат алтын масканың құны - 1,5 миллион доллар