Жапонияда "Нұр-Сұлтан" атты жаңа сакура сұрыпы шығарылды

0
973

"Нұр-Сұлтан" сакурасының ерекшелігі минус 40 градусқа дейін аязға төзімділік.


Жапонияда

ERNUR.KZ. Жапонияда Қазақстан астанасының құрметіне жаңа "Нұр-Сұлтан" атты сакура сұрыпы шығарылды, деп жазады zakon.kz.

Хоккайдо аралында Қазақстан астанасының құрметіне "Нұр-Сұлтан" деп аталатын сакураның жаңа сұрыпы гүлдеді. Жаңа сұрыпты Хоккайдо префектурасының Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарды.

"Нұр-Сұлтан" сакурасының ерекшелігі минус 40 градусқа дейін аязға төзімділік – бұл астанамыздың ауа-райы жағдайларына бейімделу үшін ең қажет сипаттамалардың бірі.