Жапонияда Pfizer вакцинасының тиімділігі 85-96% деп бағаланды

0
941

Зерттеу барысында Pfizer вакцинасын салдыртқан 20-60 жас аралығындағы ер адамдар арасында оның тиімділігі 89,6-93,4%, ал 60 жастан асқан ер адамдар арасында - 94,7-96,9% деңгейінде болды.


Жапонияда Pfizer вакцинасының тиімділігі 85-96% деп бағаланды

ERNUR.KZ. Киото университетінің мамандары Pfizer вакцинасының тиімділігі 85-96% деп бағалады, деп жазады ҚазАқпарат.

Киото университетінің бір топ зерттеушісі жазда зерттеу жүргізіп, коронавирус жұқтырған 10 мыңнан астам адамның мәліметін талдап шыққан. Инфекцияға шалдыққандардың көп бөлігі вакцина алмаған болып шықты, бұл жапондық мамандарға препараттың тиімділігін зерттеуге жақсы мүмкіндік берді.

Зерттеу барысында Pfizer вакцинасын салдыртқан 20-60 жас аралығындағы ер адамдар арасында оның тиімділігі 89,6-93,4%, ал 60 жастан асқан ер адамдар арасында - 94,7-96,9% деңгейінде болды. 20-60 жас аралығындағы әйел адамдар арасында препарат тиімділігі 85,4%-91,8%, ал 60 жастан асқандар арасында – 92,6-96,1% болған.
Жапон ғалымдары зерттеудің елде «дельта» штамының кеңінен таралуы кезінде жүргізілгенін атап өтіп, вакцинаның бұл жұқпалы нұсқаға қарсы тиімділігі өте жоғары, деп отыр. Қазіргі кезде Жапония тұрғындарының кем дегенде 50 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі түрлі препаратын салдыртқан.
Жапонияда британдық-швециялық AstraZeneca вакцинасы және Америка мен Германияның Pfizer және BioNTech компаниялары консорциумының, сондай-ақ американдық Moderna компаниясының вакциналары қолданылуда.