Жарыста жеңілуден бас тартқан түркіменстандық дзюдошы кісі қолынан қаза тапты

0
2 459

Қарсыластары спортшыны соққыға жығып, көшеге лақтырып кеткен.


Жарыста жеңілуден бас тартқан түркіменстандық дзюдошы кісі қолынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркіменстанның Ахал облысы Бахарден ауданында дзюдодан өткен жарыстан соң 14 жастағы жеңімпаз Сүлейман Турсунбаевты бір топ жігіт белгісіз жерге алып кетіп, өлімші етіп соққыға жығып, көшеге тастап кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Басылым мәліметінше, тұрғындардың бірі көшеде жатқан спортшыны байқап, оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Жасөспірімді астанадағы (Ашхабад - ред.) ауруханалардың біріне апарғанмен, дәрігерлер оған көмек көсретуден бас тартып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша 500 шақырым жердегі Дашогузск уәлаятына апаруға кеңес берген.

Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, арада бірнеше күн өткен соң алған жарақаты салдарынан көз жұмған. Марқұмның ата-анасы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтен қылмыскерлердің қатаң жазалануын сұрап, оппозиция өкілі Халмурад Союновтың арнасында үндеу жолдады.



Басылымның мәліметінше, Сүлейманның қарсыласы Ішкі істер министрлігінің жас курсанты болған.

«Ақпан айының басында Сүлейман дзюдодан Бахарденде өткен жарысқа қатысқан. Шешуші жекпе-жек алдында оған қарсыласы болатын Түркіменстан ІІМ жас курсантын көрсетіп, «жеңіле салуға» кеңес берген. Бірақ өзіне сенімді жас жігіт жарыста оңай жеңіле салуды қаламаған. Осылайша ол қарсыласын жеңіп, өз салмағында чемпион атанып, бірінші орынды иеленеді», - деген куәгерлер басылымға берген ақпартында.