Тұмау мен ЖРВИ-ден қалай қорғануға болады?

0
1 027

Ауруға шалдыққандар не істеуі керек?


Тұмау мен ЖРВИ-ден қалай қорғануға болады?

Қазақстанда жыл сайын шамамен 4 млн. (Инфекциялық аурулардың бюллетені бойынша 1,5) ЖРВИ жағдайы және тұмаудың зертханалық расталған 3 мыңнан астам жағдайы тіркеледі. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандықтарға тұмау мен ЖРВИ-дан қалай қорғану керектігін, ал егер олар ауырып қалған жағдайда, асқынуды барынша төмендетуді еске салады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды – 65% (1 жасқа дейінгі балалар – 7.5%). Ағымдағы жылдың соңғы екі айында 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен науқастанудың 20%-ға ұлғаюы байқалады. Науқастардың көпшілігі мегаполистердің тұрғындары болып табылады.
2023 жылдың қыркүйегінде ЖРВИ-нің 270 712 жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 1,8 есе жоғары болып табылады.
Алайда тұмау қазір көптеген адамдар ауырып жатқан ЖРВИ-ден ерекшеленеді. Тұмау — ЖРВИ-нің ең көп таралған және ауыр түрлерінің бірі. Тұмауға жоғары температура (38 - 40 градус), ауырсыну, қалтырау, әлсіздік, бас ауруы, көздің шырышты қабығының қызаруы, тамақтың қышуы, жөтел тән болып табылады. Ауру жылдам өрбиді. Ең бастысы, тұмау созылмалы аурулардың қауіпті асқынуларын тудырады, олармен күресу тұмаудың өзімен күресуге қарағанда әлдеқайда қиын. Тұмаумен ауыратындар пневмониямен, менингитпен ауырулары ықтимал, оларда жүректе, буындарда және басқа органдарда патологиялық процестер өрбулері ықтимал.
«2023 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Мемлекет вакцинаның 2,5 миллионнан астам дозасын сатып алуға 2 миллиардтан астам қаржы бөлді. Соңғы екі аптада 530 мың адам тұмауға қарсы вакцинация алды. Дегенмен, аталмыш жұмысты тездету қажет. Себебі вирус жылдам таралуы ықтимал. Егде жастағы адамдар, жас балалар, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар-жүрек-қан тамырлары аурулары, иммунитеттің төмендеуі және тыныс алу жүйесінің аурулары тұмаудың асқыну қатеріне ұшырайды. Сондықтан медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерді қоса алғанда, халықтың әлсіз топтарына ерекше назар аудару қажет», -деп ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Айнагул Куатбаева атап өтті.
Тұмаудың қоздырғышы - науқас адамдардан түшкіру және жөтелу арқылы қоршаған ортаға енетін вирус болып табылады. Инфекцияның таралуы, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде, оның ішінде мектептер мен интернаттарда өте оңай және жылдам жүреді. Инфекция тұмау вирустарымен ластанған қолдар арқылы да берілуі ықтимал. Сондықтан аурудың және оның асқынуының жетілуінің алдын-алу өте маңызды, тұмауға қарсы вакцинация жасаған дұрыс болады. Вакциналау тұмаудың алдын алудың негізгі құралы және тұмаудың ауыр асқынуларынан және, әрине, эпидемиядан келетін залалды азайтудан қорғаудың ең тиімді шарасы болып табылады.
Вакциналау – вакцинацияланған адам үшін де, айналасындағы адамдар үшін де тұмаудың жалпы қаупін азайтады. Вакциналауды тұмау маусымы басталғанға дейін жүргізген дұрыс. Вакциналау келесі тұрғындар топтары үшін тегін болады:
– медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдар (ж/үйлері, б/үйлері, қарттар үйлері);
– медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған түрлі науқастары бар балалар;
– медицина қызметкерлері.
– эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша:
– жүкті;
– созылмалы аурулары бар адамдар;
– 65 жастан асқан тұлғалар.
Қалған ниет білдірген тұлғалар жеке клиникалардағы вакциналау орталықтарында тұмауға қарсы ақылы негізде егілулері мүмкін. Қолданылатын вакциналар биылғы жылға арналған өзекті және ДДҰ болжамдарына бейімделген штаммдарды қамтиды. Тұмауға қарсы вакциналау жүргізетін медициналық мекемелердің мекенжайларын аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау басқармаларынан білуге болады.
2023/2024 эпидемиологиялық маусымда тұмаудың алдын-алуға арналған вакцина -Гриппол+ (РФ) вакцинасы сатып алынды. Бұл үш валентті суббірлік (үшінші буын вакциналары), 2023 жылға арналған өзекті штаммдар және ДДСҰ болжамдарына бейімделген инактивацияланған тұмауға қарсы вакцина. А және В типті тұмау вирустары бұлшықетке 0,5 мл дозада салынады, балаларға әдетте санның квадрицепсіне (жамбастың ортаңғыүштен бір бөлігі), ал үлкен балалар мен ересектерге дельта тәрізді бұлшықетке (иыққа) салынады.
Вакциналаудан кейін айрықша иммунитетті қалыптастыру үшін уақыт өтуі керек (орта есеппен екі - үш аптадан кем емес). Вакциналаудан кейінгі шамалы жанама әсерлер (инъекция орнының ауыруы мен қызаруы, бас және бұлшықет ауруы, шамалы қалтырау, шаршау және жүрек айнуы) жылдам өтеді.
Жіті респираторлық инфекциялардың, оның ішінде тұмаудың алдын-алудың спецификалық емес шаралары: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға (кинотеатрлар, балалар ертеңгіліктері және т. б.)
- баруды шектеу; үй-жайларды жиі желдету және ылғалды тазалау;
- қол гигиенасын сақтау, сүлгілерді, қол мен бетке арналған майлықтарды пайдаланудың дербестігі; науқаспен байланыста болған жағдайда бетперде кию және адамдар көп жиналатын жерлерде; науқастармен байланыста болудан аулақ болыып табылады.
Егер сіз ауырып қалсаңыз, онда:
— басқа адамдарға қауіп төндірмеу және қауіпті асқынулардың алдын-алу үшін үйде болыңыз;
— төсектен тұрмау тәртібін сақтаңыз, өзіңізді мүмкіндігінше отбасының басқа мүшелерінен оқшаулаңыз;
— аурудың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігер шақырыңыз;
— дәрумен қосылған сұйықтықтарды көбірек ішіңіз;
— дәрігердің барлық нұсқауларын орындаңыз және препараттарды қабылдаңыз.
ДДСҰ сарапшылары 65 жастан асқан адамдарға, созылмалы аурулары бар азаматтар мен жүкті әйелдерге тұмауға қарсы вакциналауды ұсынады, өйткені иммундық жүйе қартайған сайын әлсірейді.
«Маусымдық тұмауға қарсы вакциналау жүктіліктің барлық кезеңдерінде қауіпсіз болып табылады. Сіз өзіңіздегі қалыптасқан иммунитетіңізді балаға, оны өмірінің алғашқы алты айында қорғай отырып бересіз», - деп болашақ аналарға Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында мәлімделді.
Өткен эпидемиологиялық маусымда:
2022-2023 жж. эпидемиологиялық маусымда зерттелген 34 329 үлгінің 3 338-інде тұмау вирустары анықталды, оның ішінде А -31,9% (А/H1, N1pdm-09- 96,6%, А/H3, N2-3,4%) және В – 67,9% тұмау вирустарымен.
2022-2023 жж. эпидемиологиялық маусымда тұмауға қарсы 2 424 642 адам немесе республика халқының жалпы санының 12,7% егілді, оның ішінде: жергілікті бюджет қаражатынан 2 287 351 адам (94,3%), жұмыс берушілердің қаражаты есебінен – 79 474 (3,2%), ақылы негізде – 58 368 адам (2,4%). Вакцина алғандардың жалпы санынан: 14 жасқа дейінгі балалар – 52 4951 (21,6%), ересектер -2 082 578 (78,3%) құрады.
ҚР-да қандай вакциналар қолданылады Бюджет қаражатына сатып алынған ресейлік «ГРИППОЛ+» вакцинасынан басқа Қазақстанда тұмауға қарсы тағы 7 вакцина тіркелген, оның ішінде 3 ресейлік вакцина - Гриппол квадри, Ультрикс квадри, Флю-М, 2 голландиялық өндіріс – Инфлювак Тетра және Инфлювак, француздық Ваксигрип Тетра вакцинасы және қытайлық тұмауға қарсы вакцина бар.
Иммундау орталықтарында вакциналау жүргізу барысында 1 дозаның құны вакцинаға байланысты орта есеппен 3,5-тен 6,5 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды.