БІР ғана жерін ӨЗГЕРТСЕҢІЗ, көлігіңіз ЖАЗДАҒЫДАЙ ЖЫЛЫ болады

0
627

Жылытудың мұндай амалдарының бәрін бірден қолдану үшін аккумулятор толық зарядталған және жұмыс істеп тұрған болуы тиіс.


БІР ғана жерін ӨЗГЕРТСЕҢІЗ, көлігіңіз ЖАЗДАҒЫДАЙ ЖЫЛЫ болады

Сурет: bosch-avtoservice.ru

Суық мезгілде жүргізушілердің жанына ең қатты бататын жайдың бірі – көлік пешінің салонды жылытпауы. Бұзылған болса, жарайды, көз жұмуға болар. Ал шығынданып жөндеткеннің өзінде аядай жерді ұядай қылуға шамасы жетпеса, арқаға аяздай батады. Қатты аяздарда, әсіресе қозғалтқыш көлемі кіші (мысалы, 0,8 – 1,2 литр) немесе дизельді қозғалтқыш болса, стандартты пештің қуаты салонды жылытуға көбіне жетпей қалады. Тіпті егер сізде жүйе толық жұмыс істеп тұрса, яғни радиаторлар таза, су сорғысы мен термостат жаңартылған болса да. Тәжірибелі жүргізушілер ғана білетін, бұрынырақта жиі қолданылған әдіс шынымен де пештің жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Қозғалтқыштың салқындату жүйесі қалай жұмыс істейтінін еске түсіріп алайық. Бұл бізге процесті түсіну үшін маңызды.

  • Кіші шеңбер. Термостат жабық болған және салқындату сұйықтығы негізгі радиатордан бөлек айналған кез. Бұл жүйе суық ауа райында қозғалтқышты тезірек қыздыру үшін қажет. Осы шеңберде әдетте салонның негізгі пеш радиаторы орнатылады.
  • Үлкен шеңбер. Термостат ашылған кезде (қозғалтқыш қызған кезде) салқындату сұйықтығы негізгі радиатор арқылы айналады.

Термостат әдетте механикалық болады, бірақ қазіргі кезде электронды нұсқалары да пайда болған. Ал «салқындатқышты» айналдыратын помпа, қарапайым тілмен айтқанда, су сорғысы ремень жетегі арқылы жұмыс істейді. Энергия коленвалдан келеді (қазір электрлік помпалар да бар).

Кез келген көліктің радиаторын қарасаңыз, оған негізгі салқындату патрубкалары баратынын көресіз: жоғарғысы – ыстық сұйықтық барады, төменгісі – салқындатылған сұйықтық шығады. Бұл патрубкалар салқындату жүйесіндегі ең қалыңдары борлып табылады. Ал қалғандары әлдеқайда жұқа болып келеді.


Неліктен бұлай жасалған? Жауап өте қарапайым. Қай жерде кедергі аз болса, салқындатқыш сұйықтық сол жаққа ағады. Яғни, көліктің негізгі радиаторына. Өйткені жүйе бірінші кезекте қозғалтқышты, дәлірек айтсақ, капоттың астында орналасқанын салқындатуға арналған. Дәл осы радиатор жылуды таратады.


Бұл жазғы маусымға қатысты жұмыс. Ал қыстың суығында осы жылуды сыртқа шығармай, көлік салонына қарай бағыттау үшін не істеу керек?

Салонның пеш радиаторы қозғалтқыштың негізгі радиаторынан әлдеқайда кіші. Оған жететін патрубкалар негізгі радиатордыкіне қарағанда шамамен 2-3 есе жұқа (түрлі модельдерде әртүрлі болуы мүмкін). Сондықтан негізгі радиаторға қарағанда салонның пеш радиаторына салқындатқыш жылы сұйықтық аз барады. Айталық, алдыңғысына 70 пайыз, пеш радиаторына 30 пайыз немесе 65/35 пайыз шамасында бөлінеді.

«Жылы сұйықтық кішкентай шеңбермен, яғни пеш арқылы өтеді» деп дауласатындар табылуы мүмкін. Ол дұрыс, бірақ термостат ашылғанға дейін ғана. Қозғалтқыш қызып, термостат ашылған соң ыстық сұйықтықтың аз ғана бөлігі пешке, көп бөлігі негізгі қозғалтқышқа бағытталады. Ал бізге осы көп бөлігін пеш қозғалтқышына қарай, сол арқылы көліктің ішіне бағыттау керек.


Ол үшін үлкен жоғарғы патрубканы радиаторға дейін тарылту керек. Яғни, оның көлденең қимасын жартысына дейін азайту керек.

Мұның жолдары бірнешеу. Кейбіреулер кәдімгі шланг қысқышын пайдаланып, қысым салады. Енді бір шеберлер струбцинамен, кейбіреулер шлангтың ішінен тарылтқыш түтік салып жасайды және т.б.

Сонда ағындар теңеседі, ыстық сұйықтықтың 50% негізгі радиаторға барады, ал қалған 50% пешке кетеді. Қолдану тәжірибесі көрсеткендей, салонда ауа әлдеқайда жылы болады.

Жүйе толық қызғанша термостат сұйықтықты кішкентай шеңбер бойынша айналдырады. Соның ішінде пеш арқылы да. Ол біршама ашылып, радиатордан салқын антифризді алады. Бірақ жүйе қызған соң (+90, +95 градусқа жеткенде) термостат толық ашылады. Содан кейін қозғалтқыштан шыққан барлық жылу сыртқа шығарылды. Біз жоғарыда көрсетілген «тарылту» әдісімен жылудың бір бөлігін салонға, негізгі радиаторға бағыттаймыз. Осылайша, ағынның бағытын өзгертіп отырмыз.


Ескеріңіз! Бұл әдісті тек қатты аязда ғана қолдануға болады. Егер ауа райы -15, -10 градус болса, «тарылту» әдісін жасамаған жөн. Бұл қозғалтқышты қызып кетуден сақтайды.

Сонымен қатар, «тарылту» әдісін шағын көлемді қозғалтқыштарда (0,8 - 1,2 литр), дизельді қозғалтқыштарда немесе болат блоктары бар қозғалтқыштарда жасаған дұрыс. Өйткені олар әдетте баяу қызады. 2,0 – 3,5 литрлік қозғалтқышты көліктерге жасауды ұсынбаймыз, олар өздігінен де жақсы қызады! Бұл маңызды.


Қосымша кеңестер:

  • Пешті қосқаннан кейін бірден ыстық ауаны қырау қатқан әйнекке бағыттамаңыз. Шыны шытынап сынып кетуі мүмкін.
  • Пешті бірден ең ыстық режимге қоймаңыз. Бастапқыда орташа айналымға қойып, рециркуляция режимін қосыңыз. Сонда пеш көлік ішіндегі ауаны біртіндеп жылытып, сырттағы мұзды ауаны жылытпайды. Ал сіз сол арада көлікті қардан тазалап, әйнекті қыраудан арылта аласыз.
  • Көлік салоны біршама жылынып болған соң рециркуляция режимін өшіріп, жылы ауаны алдыңғы әйнекке үрлеуге бағыттауға болады. Бұл әйнектің булану, тұмандануын да жояды (рециркуляция режимінде ол жоғары болады, себебі пеш салоның ішіндегі ылғалды сыртқа шығармайды.
  • Көлігіңізде рөлді, орындықтарды немесе әйнектерді жылыту жүйесі болса, олар да маңызды жылу көздері болып табылады. Олар салонның жылынуына елеулі әсер етуі мүмкін.
  • Көлік ішінде шағын портативті электрлік жылытқышты қосуыңызға болады. Ол автокөліктің «тұтандырғыш» ұясына жалғанады. Бұл құрылғы әсіресе, көлік сыртын қар-мұздан тазалап болғаннан кейін тоңған қолыңызды жылыту үшін пайдалы болады. Бірақ есте сақтаңыз, салонның барлық жылыту жүйелерін бір уақытта қосып, оған портативті электр жылытқышын қосқанда, аккумуляторға айтарлықтай жүктеме түседі. Сондықтан Жылытудың мұндай амалдарының бәрін бірден қолдану үшін аккумулятор толық зарядталған және жұмыс істеп тұрған болуы тиіс.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Қай елде бензин су тегін бағада сатылады?