​10 минутта дайын болатын тойымды таңғы ас

0
3 356

Таңғы асты 10 минутта дайындағыңыз келе ме? Ол үшін сізге ең керегі де осы 600 секунд. Олай болса, тез арада таңғы ас әзірлеу әдісін үйреніп алыңыз.


​10 минутта дайын болатын тойымды таңғы ас

фото: snova-prazdnik.ru

Қажетті өнімдер:

  • 1дана лаваш
  • 4 дана жұмыртқа
  • 80 гр. ірімшік
  • Аскөк
  • Тұз, бұрыш.

фото: bientasty.ru

Дайындалуы:

  1. Бізге ең алдымен лавашты табаның көлеміміен бірдей етіп, домалақ пішінге келтіріп кесіп алу керек. Ол үшін үлкендеу тәрелкені алып, лаваштың бетіне қойыңыз да, шет-шетін дөңгелектеп кесіп шығыңыз.
  2. Ал, ірімшікті ірі үккіштен өткізесіз.
  3. Табаны отқа қойып, май жағасыз да, лаваштың біреуін саласыз.
  4. Лаваштың бетіне жұмыртқаны салып, тұз, бұрыш себелеу керек.
  5. Аскөкті майдалап турап, оны да себелеңіз.
  6. Содан соң екінші лавашты бетіне саласыз да, табаның қақпағын жауып қоясыз.
  7. 4 минуттан соң лаваштың екінші бетін аударып, бетіне ірімшік себелеп, тағы да 4 минутқа қалдырасыз.
  8. 4 минуттан соң таңғы ас та дайын болады.
  9. Ерекше әрі хош иісті лавашты күнделікті әзірлесеңіз де дәмі аузыңыздан кетпейді.

Астарыңыз дәмді болсын!

Әзірлеген: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Дереккөз: www.koolinar.ru

Тағы да оқыңыз:

Ыстық гамбургер пісіріп көрдіңіз бе?

Тауық еті мен грек жаңғағы қосылған «жап-жаңа» салат