15 минутта дайын болатын ЕҢ ДӘМДІ салат (видео)

0
4 749

Мейрамхана, кафелерден дәмі тіл үйірер салаттарды жеп жүрген боларсыз. Бірақ бұндай салаттарды сіз де дайындай аласыз.


15 минутта дайын болатын ЕҢ ДӘМДІ салат (видео)

Жазда көкөністерден дайындалған салатты көбірек жеу керек. Әсіресе қызанақ пен қияр, аскөк, көк пияз қосылған салаттар дәмді болары сөзсіз.


Мейрамхана, кафелерден дәмі тіл үйірер салаттарды жеп жүрген боларсыз. Бірақ та бұндай салаттарды сіз де дайындай аласыз.


Салатқа қажетті заттар:

  • 300 гр. қайнатылған сиыр еті
  • 2 дана қызанақ
  • 2-3 дана қияр
  • 1 шай қасық қант
  • Дәміне қарай тұз
  • Аскөк, көк фасоль, күнжіт
  • 1 шай қасық сарымсақ
  • 2 ас қасық соя соусы
  • 0,5 шай қасық ащы бұрыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен етті қайнатып, пісіріп аламыз. Ет суығанша көкөністерді турап, дайындай берейік.
  2. Пиязды текшелеп турап, аскөкті майдалаймыз. Сосын табаға 50 мл өсімдік майын құйып, пиязды қуырамыз.
  3. Пияз сарғая бастағанда туралған сарымсақты, қант пен тұзды, ащы бұрышты қосып, 2 ас қасық соя соусын құямыз.
  4. Барлығын жақсылап араластырып, етті салып, 5 минуттай бұқтыру керек.
  5. Қызанақ пен қиярды ұзыншалап әрі жұқа етіп тураймыз. Қызанақтың ортасындағы сулы әрі дәнді жерін алып тастасаңыз да болады.
  6. Сөйтіп барлығын бір ыдысқа салып, араластырамыз. Соңында майдалап туралған аскөк пен көк фасольді қосып, күнжіт саламыз.
  7. Барлығын бір араластырып жіберіп, тәрелкелерге сала беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Хит тағам: МАКЛЮБЕ пісіру ҚИЫН ЕМЕС

АУЫЗАШАРҒА шоколадты ҚҰРМА дайындаңыз