Күзгі бақшаның бай қазынасы - асқабақ.
Асқабақта дәрумен де, пайдалы минералдар да өте көп. Осы көкөністі тәтті орамаға қосатын болсаңыз, пісірмеңіз бірден пайдалы тағамға айналады. Олай болса, орама мәзіріне назар аударайық!
Қажетті қоспалар:
- 150 гр. асқабақ
- 3 дана жұмыртқа
- 1 стақан ұн
- 2 стақан қант
- 1 ас қасық қаймақ
- 1 шай қасық қамыр қопсытқыш, тұз
- 0,5 л сүт
- 4 ас қасық ұнтақ жармасы
- 150 гр. сары май
- лимон қабығы
Дайындалу тәсілі:
- Алдымен сүтті отқа қойып, 1 стақан қант пен ұнтақ жармасын салып, ботқа дайындап аламыз. Сосын ботқаны біраз суытып, миксермен араластырамыз.
- Ботқаға сары майды қосып, ары қарай миксерлей береміз. Осы уақытта кремге үккіштен өткізілген лимон қабығын қосамыз.
- Коржды дайындау үшін қамырға қажетті қоспаларды табаққа салып араластыру керек. Егер қамыр қоюлау боп қалса, қаймақтан тағы азырақ қосуға болады.
- Дайын қамырды табаға құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз.
- Пісіп шыққан коржды орап, біраз қойып қоямыз. Кейіннен қайта жазып, арасына кремді салып, қайтадан ораймыз. Ораманы әсемдеп, тоңазытқышқа салып қоямыз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: