Итальянша лағман әзірлеп көрдіңіз бе?

0
3 543

​Лағманды әдетте қой, сиыр еттерінен дайындайды. Бірақ та итальян аспаздары өзі дәмді әрі арзан бағалы лағман ойлап тауыпты. Түскі асқа таптырмас тағам болары сөзсіз.


Итальянша лағман әзірлеп көрдіңіз бе?

Тауық аяқтары қосылған лағман жеп көрдіңіз бе? Бүгінгі мәзірде дәл осындай тағам мәзірін ұсынатын боламыз. Бұл лағман басқаларынан өзгеше екені даусыз!


Қажетті өнімдер:

  • 1 дана пияз
  • 1 дана сопақ басты пияз (лук-порей)
  • 1 дана болгар бұрышы
  • 1 тіс сарымсақ
  • 1 тал балдыркөк сабағы
  • 200 гр. томат тұздығы
  • 6-7 дана тауық аяқтары
  • 2 дана лавр жапырағы
  • Азырақ зәйтүн майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, ащы бұрыш.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен екі пиязды да текшелеп турап аламыз. Ал, сарымсақты пышақпен езіп, майдалап тураймыз. Содан соң табаны отқа қойып қыздырып, зәйтүн майына қуырамыз. 3-4 минутта пияз қуырылады.
  2. Картоптардың да қабығын аршып, тазалап жуамыз да, текшелеп тураймыз. Болгар бұрышын да дәл сондай көлемде тураған дұрыс. Туралған көкөністерді табаға салып, пияздармен бірге қуыруды жалғастырамыз.
  3. Енді тауық етін дайындап алайық. Ол үшін тауық аяқтарының терісін сылып алып, жуамыз да, оны да табаға саламыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, тауық аяқтарын қызарта қуырып аламыз.
  4. Барлығы жақсылап қуырылған кезде томат тұздығын құйып, 1-1,5 л су құйып, 25 минуттай қайнату керек.
  5. Қайнап жатқан сорпаға лавр жапырағы мен чили бұрышын саламыз.
  6. Соңында дайын лағман қамырын суға салып қайнатып аламыз. Енді тағамды біріктіріп, ыдысқа құю ғана қалды. Лағманға арналған кесеге алдымен қамырдан салып, сорпасынан құямыз. Көкөністерді салып, бетіне майдалап туралған аскөкті себелеп, дастарханға ұсынамыз. Өте ерекше әрі тез дайындалатын лағманымыз да дайын болды. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тауық етінен орама жасап көрдіңіз бе?


Түрікше СИМИТТІ үйде өзіңіз-ақ жасай аласыз