​Картопты дәмді етіп пісірудің әдісі табылды

0
9 162

Ол үшін сіз картопты дұрыс кесе білуіңіз керек. Мұны Эссекс университетінің өте ізденімпаз студенттері тапқан болатын. Олар британдық шеф-аспаз Хестон Блументальдың көптеген рецептерін зерттей келе оның картопты пісірудің 10 құпиясын анықтағанын білді. Жалпы картоптың құрамындағы зиянды заттарды шығарып, тек пайдалысын қалдыру үшін салқын суға бірнеше рет жуып, содан кейін мынадай әдіспен тураған дұрыс дейді аспаз.


​Картопты дәмді етіп пісірудің әдісі табылды

фото: kulinaria.3dn.ru

Картопты пісірудің де өз құпиясы бар екен. Ол үшін сіз картопты дұрыс кесе білуіңіз керек. Мұны Эссекс университетінің өте ізденімпаз студенттері тапқан болатын. Олар британдық шеф-аспаз Хестон Блументальдың көптеген рецептерін зерттей келе оның картопты пісірудің 10 құпиясын анықтағанын білді. Жалпы картоптың құрамындағы зиянды заттарды шығарып, тек пайдалысын қалдыру үшін салқын суға бірнеше рет жуып, содан кейін мынадай әдіспен тураған дұрыс дейді аспаз.

Шеф-аспаздың рецептісі бойынша картопты төрт бөлікке бөлесіз. Міне, студенттердің назарын аударған да осы құпия кесу әдісі болатын. Олар дәл осылай картоптың біраз бөлігін турап, қалғанын қарапайым түрде пісіріп, көпшілікке ұсынған болатын. Сонда Блументаль әдісімен әзірленген картоп алдыңғы орынға шыққан.

Сіз де суретте көрсетілгендей әдіспен картопты турап, дайындасаңыз, өте дәмді әрі күтірлек болып піседі. Егер тәжірибеңізден өткізгіңіз келсе, барлығы бірдей көлемдегі картоптарды таңдап алып, оның жартысын өз әдісіңізбен, ал қалғанын Блументаль ұсынғандай етіп турап, пеште әзірлеп көріңіз. Сонда қай картоптың дәмді пісіп шыққанына анық көзіңіз жетеді.

фото: ovarixa.ru

Картоп пісірудің құпиясын біліп алған болсаңыздар, енді мына рецептер бойынша дәмді де хош иісті тағамдарды әзірлеп үйренейік!


Фольгада піскен картоп

Қажетті өнімдер:

  • 8 дана картоп
  • Аскөк.
  • Ұнтақталған қара бұрыш.

2 ас қасық сары май

Дәміне қарай тұз

Дайындалуы:

  • Пешті қосып қойыңыз.
  • Жалпы картопты жоғарыда келтірілген әдіспен турап, пісіріп көруге де болады.

2. Картопты тазалап жуып, кептіресіз.

3. Фольга қағазына сары май жағыңыз.

4.Әрбір картопқа тұз сеуіп, фольга қағазымен орайсыз.

5. Картоптарды противень ыдысқа бір-бірінен алшақ салып, пештің ортаңғы тұсына қоясыз.

6. 200 градусқа қыздырылған пеште картопты 30 минуттай пісірсеңіз жеткілікті. Аскөкті жуып, майдалап турайды.

7. Пісіп шыққан картопқа аскөкті себелеп, дастарханға ұсына бересіз.

Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ