Хит тағам: МАКЛЮБЕ пісіру ҚИЫН ЕМЕС

0
5 258

Маклюбе жасап, қазанды қасықпен ұрып үлгердіңіз бе? Егер әлі дайындамаған болсаңыз, біз ұсынған мәзір бойынша жасап көріңіз!


Хит тағам: МАКЛЮБЕ пісіру ҚИЫН ЕМЕС

Маклюбе – араб тағамдарының бірі. Дәстүрлі тағам ретінде ұсынылатын маклюбенің дайындалу тәсілі қарапайым палауға ұқсайды. Оның бір ғана айырмашылығы – тағамды ұсынуында. Маклюбе тағамын қазаннан аударып, жан-жағын көкөністермен әсемдеп дастарханға әкеледі. Үй жағдайында жасаудың еш қиындығы жоқ.


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. ет
  • 1 дана пияз
  • 1 дана тәтті болгар бұрышы немесе қызанақ
  • 1 дана сәбіз
  • 2-3 дана картоп
  • Қуыру үшін өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіштер (куркума, паприка, қара бұрыш)
  • 400 гр. күріш
  • Қайнаған су.


Дайындалу тәсілі:

  1. Әуелі көкөністердің қабығын аршып аламыз. Содан соң пиязды жұқалап, сәбіз бен картопты дөңгелектеп тураймыз.
  2. Енді қазанға май құйып, алдымен сәбізді, содан соң картопты бөлек-бөлек қуырып аламыз. Осы майға етті салып, 5 минуттай қуырып, пиязды қосамыз. Екі-үш минуттан кейін тәтті бұрышты немесе туралған қызанақты салу керек. Барлығын тағы да 2-3 минут қуырып, дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіштерді қосамыз.
  3. Осы қуырманың бетіне енді қуырылған картоп пен сәбізді салып шығамыз. Соңында тазалап жуылған күрішті салып, қайнаған су құямыз. Су күріштен 1 сантиметрдей жоғары тұрса жеткілікті. Су қайнағанша отты барынша қатты қойып, қайнағаннан кейін, отты басасыз.
  4. Қазанның қақпағын жауып, 30 минут бұқтырамыз. Дайын болған маклюбе тағамын легенге аударып, жан-жағын өзіңіз қалағандай әсемдей бересіз. Қызанақ пен қиярдан дайындалған салатпен, аскөкпен әрлесеңіз де болады. Салаттың арасына айран құйып жіберсеңіз де артықтық етпейді.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


АУЫЗАШАРҒА шоколадты ҚҰРМА дайындаңыз


Көктемге арналған ДӘРУМЕНДІ ТОРТ