Көктемге арналған ДӘРУМЕНДІ ТОРТ

0
4 733

Тортты да денсаулыққа пайдалы етіп пісіруге болады


Көктемге арналған ДӘРУМЕНДІ ТОРТ

Қыс мезгілінен кейін адам ағзасы әлсіреп, дәруменге мұқтаж болады. Көктемде оның орнын толтыруға тура келеді. Тәттіні жақсы көретіндер, жеміс-жидектер торт пісіріп, ағзаны қажетті дәрумендермен, минералды заттармен қанықтыра алады. Ол үшін сізге төмендегі тәп-тәтті әрі пайдалы тортты пісіру жеткілікті.


Қажетті қоспалар:

  • Қамырға: 1 стақан қант
  • 4 дана жұмыртқа
  • 1 стақан ұн
  • Крем үшін: 15 гр. тез еритін желатин
  • 1 стақан йогурт
  • ¼ стақан қант
  • Ақуыздан құралған кремге:
  • 2 дана жұмыртқаның ақ уызы
  • 0,75 стақан қант
  • Желе үшін:
  • 15 гр. желатин
  • 1 стақан ананас шырыны
  • Жемістер:
  • 0,5 бөлік ананас
  • 2-3 дана киви.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен жұмыртқаны көпіршітіп, қоюланғанша миксерлейміз. Миксерлеуді тоқтатпай, қантты аз-аздан сала бастаймыз.
  2. Ұнды салып, жақсылап араластыру керек. Сосын араласқан қамырды формаға құямыз. Пешті алдын-ала 180 градусқа қыздырып, қамырымызды 30-35 минут бойы пісіреміз. Пісіру кезінде пештің есігін ашпаған дұрыс.
  3. Бисквитті суытып, формадан аламыз.
  4. Желатинді жылы ананас шырынына салып ерітеміз. Суға салып ерітуге де болады.
  5. Йогурт пен қантты миксерлеп, шырынмен араласқан желатинді құямыз. Барлығын араластырып, тоңазытқышқа салыңыз.
  6. Піскен коржды бірдей екі бөлікке бөліп, формаға біреуін саламыз да, бетіне шырынды құйып шығамыз. Сосын туралған ананас пен кивилерді де қойып шығамыз. Тортқа қалауыңызша өзіңізге ұнайтын жемістерді қоссаңыз да болады.
  7. Жемістердің бетіне йогуртты жайып шығу керек. Кремнің үстіне екінші коржды қойып, оны да шырынмен нәрлендіріп шығамыз. Содан соң тортты 1 сағат тоңазытқышқа салып қоямыз.
  8. Желені дайындау үшін 1 стақан ананас шырынына желатинді салып ерітеміз. Тоңазытқышқа саламыз. Торттың бетіне ананас пен кивидің қалған бөліктерін қойып шығып, оның бетіне қоюланған желені құямыз. Сосын тағы да 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қою керек.
  9. Ақуыздан құралған кремді дайындау үшін жұмыртқаның ақуызы мен қантты араластырып, көпіршіту керек.
  10. Торттың жан-жағына ақуыз кремін жағып, қайтадан тоңазытқышқа саламыз. 1 сағатта торт та дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТӘТТІ ОРАМАНЫ үш түрлі рецептпен пісіріп көріңіз


ҰЛТТЫҚ ДӘМ: ЖЕНТ дайындаудың ЖАҢА әдістері