​Котлеттің сіз білмейтін ерекше түрі бар

0
7 572

Қарапайым котлетті екінің бірі пісіре алады. Бірақ мынадай ерекше түрін әлі кездестірмеген боларсыздар. Дәмді котлеттің жасалу жолдарымен таныс болыңыздар.


​Котлеттің сіз білмейтін ерекше түрі бар

суреттер ашық дереккөзден алынды

Қарапайым котлетті екінің бірі пісіре алады. Бірақ мынадай ерекше түрін әлі кездестірмеген боларсыздар. Дәмді котлеттің жасалу жолдарымен таныс болыңыздар. Бүгінгі ұсынғалы отырған ерекше котлетке біз қырыққабат қосамыз. Бұл көкөніс котлетті сулы әрі дәмді етеді. Сіздер де дайындап көріңіздер!

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. ет
  • 250 гр. қырыққабат1 дана пияз
  • 2 тіс сарымсақ
  • 1 тілім ақ нан
  • 2 ас қасық ұнтақ жармасы
  • 1 дана жұмыртқа
  • Тұз, бұрыш
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті тазалап жуып, ірілеп турайсыз да, еттартқыштан өткізесіз.
  2. Қырыққабатты да ірілеп турау қажет.
  3. Пияз бен сарымсақтың қабығын аршыңыз.
  4. Содан соң қырыққабатты, пияз бен сарымсақты еттартқыштан өткізесіз.
  5. Ақ нанды суға жібітіп, суын сығып тастайсыз да, еттартқаштан өткізесіз.
  6. Барлығын бір табаққа салып араластырып, тұз, бұрыш қосыңыз.
  7. Осы араласпаға енді ұнтақ жармасын, шикі жұмыртқаны қосып, тағы бір араластырып жіберу керек.
  8. Дайын фарштан котлеттер жасаймыз.
  9. Табаға май құйып қыздырып, котлеттерді пісіріп ала бересіз.
  10. Өте дәмді, сулы қырыққабат қосылған котлеттерді ыстықтай дастарханға ұсына беруге болады.

Картоп қосылған котлет

Қажетті өнімдер:

  • 800 гр. тауық еті
  • 1дана пияз
  • 2 дана картоп
  • 2 ас қасық майдалап туралған аскөк
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • Тұз, бұрыш
  • Ұнтақталған нан
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет.

Дайындалу тәсілі:

1.Ең алдымен пиязды текшелеп турап, майға қуырасыз. Аскөкті жуып, майдалап турайсыз.

2.Картопты қайнатып, суығаннан кейін қабығын аршу қажет. Сарымсақты да аршисыз.

3.Ал, тауық етін, картоп пен сарымсақты еттартқыштан өткізесіз.

4.Осы фаршқа қуырылған пиязды, аскөкті, тұз бен бұрышты салып, жақсылап араластыру қажет. Бетін жауып, 20 минут қойып қояды.

5.Кейін дайын фарштан котлеттерді жасап, нанға аунатып аласыз да, қыздырылған майға салып пісіріп ала бересіз. Екі беті бірдей қызарып піскен котлеттерді табаның бетін жауып пісіру керек. Отты басып қоюды ұмытпаңыз. Егер котлеттер табаға жабысып жатса азырақ су құюға да болады. 15-20 минуттан соң котлеттер де дайын дей беріңіз!

Сәбіз бен сұлыдан котлет пісіріп көрдіңіз бе?

Қажетті өнімдер:

  • 2 дана сәбіз
  • 1 дана жұмыртқа
  • 5-6 ас қасық сұлы жармасы
  • 4 ас қасық ұнтақ жармасы
  • Тұз
  • Өсімдік майы.

Дайындалу тәсілі:

1.Екі сәбіздің қабығын аршып, тазалап жуамыз. Сосын сәбіздерді дөңгелектеп әрі жұқалап тураймыз. Сәбізді кастрөлге салып, су құйып қайнатамыз. 20 минуттан соң сәбіз де дайын болады.

2.Қайнап шыққан сәбізді сүзіп алып, оған шикі жұмыртқаны қосамыз.

3.Содан соң осы араласпаға сұлы жармасын қосып, тұз саламыз. Біраз уақыт сәбіз бен сұлы араласпасын қоя тұру қажет. Шамамен 25-30 минут тұрғаны дұрыс.

4.Енді дайын фарштан котлеттер жасай бастаймыз.

5.Тәрелкеге азырақ ұнтақ жармасын салып, котлеттерді аунатып аламыз.

6.Майды қыздырып, котлеттерді салып пісіреміз. Мұндай дәмді котлеттерді кез келген гарнирмен ұсына аласыз. Картоп езбесі, қайнатылған макарон немесе күріш пен қарақұмық та жарай береді. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ