Құлпынай тосабын жаптыңыз ба?

0
4 796

​Тосап, нәрсу, түрлі салаттар жабу науқаны әлдеқашан басталып кетті. Бірақ сіз әлі де қыстың қамын ойлай алмай жүрген болсаңыз, дайындалуы тез мына тосаптарды қайнатып көріңіз.


Құлпынай тосабын жаптыңыз ба?


Құлпынай тосабын қайнатпай-ақ жауып алыңыз

Қажетті өнімдер:

  • 3 кг құлпынай
  • 1 стақан су
  • 1,5 кг қант

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен жидектерді салқын суға салып қою керек. Сосын тазалап жуасыз.
  2. Құлпынайдың жеміс сабағын алып тастап, дуршлагқа салыңыз. Сонда суының бәрі тез сорғиды.
  3. Кастрөлге 1 стақан суды құйып, қантты саламыз. Отты орташа етіп жағып, қозғап отыруды ұмытпаймыз. Су қайнағаннан кейін 7 минут қайнату керек. Қант сиропы қоюлануы керек.
  4. Құлпынайды тәрелкеге немесе табаққа салып, үстінен сиропты құясыз. Жақсылап араластырып, бетін жауып суығанша қоя тұрыңыз.
  5. Осыдан кейін құлпынайды дуршлагқа салып, барлық шырыны сорғығанша күтесіз. Шырынды кастрөлге құйып, отқа қойыңыз. Қайнатып, 5 минуттай отта ұстаңыз.
  6. Құлпынайды қайтадан табаққа салып, қайнаған шырынды құйыңыз. Тағы да араластырып, суытып қойған дұрыс.
  7. Осылай 3-4 рет қайталап, әбден шырыны сорғыған құлпынайды банкаға саласыз. Кейіннен ыстық сиропты құйып, қақпағын бұрай беруге болады. Қақпағы жабылған банкалардың сыртынан жылы орап қоямыз. Әбден суығаннан кейін салқын жерге қойыңыз.


5 минут қайнатылатын құлпынай тосабы


Қажетті өнімдер:

  • 1 кг құлпынай жидегі
  • 1 кг қант
  • Басқа да қажетті заттар:
  • асханалық таразы
  • 3 лиртлік кастрөл
  • Дуршлаг
  • 2 дана бұрамалы қақпақ
  • Силиконды қолғап және т.б.

Дайындалу тәсілі:

  1. Құлпынайдың жарамдыларын теріп алып, таза сумен бірнеше рет жуыңыз. Сосын елекке салып, суын сорғытып аласыз.
  2. Жеміс сабағын жұлып тастап, касрөлге салып, бетіне қантты себелейміз. Осылайша қантпен араласқан құлпынай 8-10 сағаттай тұруы керек.
  3. Осы уақыт өткеннен кейін кастрөлді отқа қойып, 5 минуттай қайнатамыз.
  4. Тосапты ожаумен қозғамаңыз, әйтпесе құлпынай езіліп кетуі мүмкін. Жай ғана кастрөлдің өзін қозғасаңыз болғаны.
  5. Бетіне шыққан көбікті алып тастау керек. Қайнаған тосаптың отын өшіріп, түні бойы бетін жауып қоямыз.
  6. Таңертең алдымен банкаларды ас содасымен тазалап жуып, шайып төңкеріп қоямыз. Жуылған банкаларды пешке салып, 15 минут 100 градусқа қыздырылған пешке салып стерилдейміз. Ал, қақпақтарды темір торына қойып, стерилдеуге болады.
  7. Тосапты отқа қойып, қоюланғанша қайнатамыз. 5 минут қайнағаннан кейін тосапты банкаларға құямыз. Сосын бұрамалы қақпақтармен жабамыз. Мұндай қақпақтармен банканың аузын жабу өте оңай. Ыстық кезінде тез бұрайтын болсаңыз, жақсы жабылып, ауа кірмей тұрады. Кейін оны ашу да оңай болмайды.
  8. Дайын банкаларды төңкеріп, сыртынан жылы орап қоясыз. Әбден суығаннан кейін тосапты салқын жертөледе сақтай бересіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ең сүйікті мәзір: КӘДІ мен ҚЫЗАНАҚТАН аджика


Өрік тосабы мен апельсиннен дайындалған пирог