Осы әдіспен қырыққабатты жыл бойы ашыта беруге болады.
Қыс мезгілінің қарсаңында барлық үйбикелері қырыққабат тұздауға кіріседі. Алайда көбі оны қалай дайындау керектігін біле бермейді. Бүгін біз ашытылған қырыққабатты қарапайым қалтада дайындаудың ең оңай мәзірін ұсынатын боламыз.
Осы әдіспен қырыққабатты жыл бойы ашыта беруге болады. Сонда қырыққабат сулы әрі кіртілдек болып шығады. Аталмыш мәзірдің негізгі ерекшелігі – қырыққабат банкада немесе кастрөлде емес, пакетте ашытылады.
Қажетті өнімдер:
- 1 кг қырыққабат
- 1 дана сәбіз
- 1 ас қасық тұз
- 1 ас қасық қант.
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен қырыққабатты ұзыншалап әрі жіңішке қалыпта турап аламыз. Өте жіңішке қылсаңыз да болады. Себебі салаттың дәмді болуы қырыққабаттың қаншалықты жұқа туралғанына байланысты.
- Сәбіздің қабығын аршып, үккіштен өткіземіз. Сосын қолымызбен жақсылап араластырамыз. Сонда қырыққабаттың шырыны шығуы керек.
- Енді тұз, қантымызды салып, тағы да жақсылап араластырамыз. Осылайша дайындалған қырыққабатты пакетке саламыз. Суы ағып кетпес үшін пакетті табаққа салып, тоңазытқышта сақтаймыз.
- Әрбір 6-7 сағат сайын пакеттің аузын ашпай, сол күйде араластырып тұрамыз.
- Ашытылған дайын қырыққабатты банкаларға салып, тоңазытқышқа салып қойсаңыз болады. Ашытылған қырыққабатты осы қалпында да, салатқа қосып та жей береді.
- Өте дәмді ашытылған қырыққабатымыз да дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
1 кг еттен өте дәмді шұжықты қалай жасайды?