Пияз нанды пеште жұп-жұмсақ етіп пісірудің ең оңай әдісі

0
9 625

Өте дәмді әрі хош иісі мұрынды жаратын мұндай нанды бесін асқа немесе кәдімгі нанның орнына жей беруге болады.


Пияз нанды пеште жұп-жұмсақ етіп пісірудің ең оңай әдісі

Егер қамырын илеп дайындап қоятын болсаңыз, таңғы асқа пісірсеңіз де отбасыңыз қуана жейді. Бар болғаны 10 минутта пісіп шығады. Бүгін біз пияз нанды аты айтып тұрғандай көк пияз бен картоп қосып жасаймыз. Салмасына өздеріңіз қалайтын көкөністі қосып жасай берсеңіздер де болады. Ендеше пияз нанның дайындалу мәзіріне тоқталайық.


Қажетті өнімдер:

  • Қамырына:
  • 160 гр. ұн
  • 120 гр. сүт
  • 50 гр. сары май
  • 0,5 шай қасық тұз бен қант
  • 1 шай қасық өсімдік майы
  • Салмасына:
  • 400 гр. қайнатылған картоп
  • 40 гр. көк пияз
  • 50 гр. сары май
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.
  • Қосымша:
  • 1 дана жұмыртқаның сары уызы
  • Азырақ ұн.

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа електен өткізілген ұнды салып, тұз, қант, ашытқы салып, жақсылап араластырамыз. Сосын ортасын ашып, сұйық араласпамызды құямыз.
  2. Ол үшін жылы сүтке ерітілген сары майды құйып, араластыру керек. Сосын осы сүтті ұнға құямыз.
  3. Қамыр қолға өте жабысқақ болады. Қанша жабысқақ болса да басқа ұн қосудың қажеті жоқ. Оның орнына өсімдік майын пайдаланыңыз. Қолға өсімдік майын жағып, қамырды дөңгелектеңіз де, бетін пленкамен жауып, жылы жерге қойыңыз. 1 сағатта қамыр дайын болады.
  4. Қамыр ашығанша салмамызды дайындай берейік. Картопты қайнатып, пісіріп аламыз. Дайын картопты езіп, оған майдалап туралған көк пияз бен еріген сары майды қосып, араластырамыз.
  5. Бірақ та картопты қатты езудің керегі жоқ. Арасында түйірлері қалғаны дұрыс.
  6. 1 сағаттан кейін көлемі үш есеге ұлғайған қамырды алып, екіге бөлеміз де, домалақтаймыз.
  7. Ұнға айнатып алып, екеуін де жаямыз. Қамырдың жан-жағы жұқалау, ал орта жағы қалыңдау болу керек.
  8. Енді қамырдың ортасына салмамызды салып, жан-жағын ортаға қарай жинаймыз. Жиналған жері де тым қалың боп кетпеу керек. Дайын нанымызды пергамент қағазы салынған табаға жайғастырамыз. Содан соң екінші қамырды да дәл солай жасаймыз. Оны да табаға салып, екі нанның бетіне жұмыртқаның сары уызын жағамыз.
  9. Пешті 250 градусқа дейін қыздырып, 10 минутта нандарымызды пісіріп аламыз.
  10. Егер қамырды алдын-ала ашытып дайындап алған болсаңыз, тоңазытқышқа салып қоюға болады. Сосын қолыңыз босағанда қамырды алып, нанды пісіре бересіз. Оп-оңай әрі тез.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Шымкенттік КОНДИТЕР торт пісіріп-ақ 500 МЫҢ теңгеден астам табыс табады (сұхбат)

Етті ОСЫЛАЙ сақтаса 2-3 ай бойы БҰЗЫЛМАЙДЫ