Пирог пісіру соншалықты қиын жұмыс емес. Әсіресе бүгінгі дайындайтын пирогты лезде пісіре салуға болады. Қолыңызда тек 1 дана лимон болса болғаны. Сары самаурынның шәйімен рахаттана отырып ішетін нәзік пирог болмақ.
фото: aqua-mechanica.ru
Пирог пісіру соншалықты қиын жұмыс емес. Әсіресе бүгінгі дайындайтын пирогты лезде пісіре салуға болады. Қолыңызда тек 1 дана лимон болса болғаны. Сары самаурынның шәйімен рахаттана отырып ішетін нәзік пирог болмақ.
Қажетті өнімдер
- 150 гр. ұн
- 100 гр. қант
- 3 дана жұмыртқа
- 40 гр. сары май
- 5 ас қасық сүт
- Жарты лимонның шырыны
- Жарты лимонның қабығы
- Шым-шым тұз
- Ванилин
- Қант ұнтағы
фото: kalendar-prazdnikov.ru
Дайындалу тәсілі
- Ұнды електен өткізіп, оған үккіштен өткізілген лимон қабығын және тұзды қосып, жақсылап араластырамыз да бір шетке қоя тұрамыз.
- Содан соң стақанға сүтті құйып, лимон шырыны мен ванилинді салып араластырамыз. Сонда лимон қосылған сүт пайда болады.
- Ал, қант пен сары майда бөлек ыдысқа салып, миксермен араластырып алыңыз.
- Жақсылап араласқан қант пен майға алдымен жұмыртқаны салып, араластырып алу керек. Кейіннен лимонды сүтті құясыз.
- Соңында ұнды салып, миксермен ждақсылап араластырған дұрыс.
- Табаны қыздырып, майлайсыз да, қамырды құйып, пирогты пісіріп ала бересіз.
- Дайын пирогтың бетіне қант ұнтағын себелейсіз де, балаларға кесіп бере бересіз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ