ТӘТТІ ЖЕМЕЙТІНДЕРГЕ арналған ДӘМДІ чизкейктер

0
5 914

Қант диабетіне шалдыққандар да чизкейк жей алады


ТӘТТІ ЖЕМЕЙТІНДЕРГЕ  арналған ДӘМДІ чизкейктер

Калориясы аз, қант қосылмаған чизкейкті жасау оп-оңай. Әсіресе мұндай чизкейкті қан диабетіне шалдыққандарға ұсынсаңыз болады. Сонымен қатар, арықтау жолында жүргендерге де жасап көруге кеңес береміз. Ендеше өте дәмді, пайдалы заттарға бай чизкейктер мәзірін ұсынамыз!

Ақуызға бай чизкейк

Қажетті өнімдер:

  • 80 гр. протеин (қазіргі уақытта протеинді супермаркеттерден, дүкендерден таба аласыз)
  • 80 гр. жүгері жармасы
  • 350 гр. ряженка
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 шай қасық табиғи ванилин
  • Қалауыңызша қант алмастырғыш қоссаңыз болады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен протеин мен жүгері жармасын араластырып аламыз. Екеуін араластырған кезде ешқандай түйіршік қалмауы керек. Сол себепті жақсылап араластыруға тырысамыз.
  2. Осы араласпаға енді ряженканы құямыз. Тағы да жақсылап араластырып, жұмыртқаны, 1 шай қасық ванилинді саламыз. Барлығын біркелкі массаға айналғанша араластыру керек.
  3. Дайын қамырды майланған формаға құйып, 130-140 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз. Мұндай чизкейкті жасап көргендер ғана жей алады. Дәмі өте керемет!


Сүзбелі чизкейк



Қажетті өнімдер:

  • 250 гр. диабеттерге арналған печенье немесе крекерлер
  • 100 гр. сары май
  • Салмасына:
  • 1 кг сүзбе
  • 1 л кілегей
  • 4 қалта желатин
  • 200 гр. қант алмастырғыш
  • 300 гр. жидек (шие, қарақат, құлпынай және т.б.)
  • 150 гр. кокос ұнтағы
  • 15 гр. желатин

Дайындалу тәсілі:

  1. Сары майды ерітіп, печеньені салып араластырамыз. Барынша араласқаннан кейін формаға немесе арнайы торт жинауға арналған құралға салып, стақанның түбімен басып, нығыздаймыз. Содан соң 30-40 минуттай тоңазытқышта тұруы керек.
  2. Осы уақыт аралығында салмамызды дайындап алсақ болады. Ол үшін кілегей мен қант алмастырғышты миксерлейміз. Кілегей әбден көпіршіген кезде аз-аздан сүзбені қоса бастаймыз. Соңында ерітілген желатинді саламыз.
  3. Енді жидектерді езіп алуымыз керек. Желатин қосылған кілегейді екіге бөліп, оның біріне езілген жидектерді салып, араластырамыз.
  4. Тоңазытқыштағы форманы алып, оның бетіне сүзбелі араласпамыздың екі түрін кезектестіріп саламыз. Сосын қайтадан тоңазытқышқа салып қоямыз. 6 сағаттай тұрғаны дұрыс.
  5. Кейіннен чизкейкті тоңазытқыштан алып, формадан шығарамыз да, бетіне, жан-жағына кокос ұнтағын себелеп, бетін жеміс-жидектермен әсемдейміз. Сонда өте әдемі әрі денсаулыққа пайдалы чизкейк те дайын болады.


Алма шырыны қосылған чизкейк



Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. астық тұқымдастардан дайындалған күлше (печенье со злаками)
  • 0,5 кг майсыз сүзбе
  • 350 гр. классикалық табиғи йогурт
  • 50 мл алма шырыны
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1,5 ас қасық крахмал
  • 4 ас қасық фруктоза
  • 1 лимонның шырыны мен қабығы

Дайындалу тәсілі:

  1. Барлық керек қоспаларды алдын ала тоңазытқыштан шығарып, бөлме температурасына дейін жылытамыз. Сосын күлшені блендермен ұнтақтап, алма шырынымен араластырып аламыз.
  2. Форманы майлап, алма шырынымен араласқан күлшемізді саламыз. Сөйтіп 150 градусқа қыздырылған пеште 10 минуттай ұстаймыз.
  3. Қамырымыз піскенше сүзбе мен йогуртты миксерлей береміз. Осы араласпаға жұмыртқаны, фруктоза мен лимон қыбығын, шырынын қосып, жақсылап араластыру керек.
  4. Дайын араласпаға крахмалды салып, тағы бір рет миксерлейміз.
  5. Суыған коржымызға сүзбе араласпасын салып, бетін фольгамен жабамыз. Сосын осы форманы су құйылған шұңғылдау табаға немесе кастрөлге салып, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз. 50 минутта чизкейк те дайын болады. Суыған соң 6 сағат тоңазытқышқа салып қоюды ұмытпаймыз. Егер әсемдегіңіз келсе, чизкейктің бетіне жидектер мен жалбыз қоюға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қырыққабатты ЕКІ-АҚ күнде ашытуға болады


1 кг еттен өте дәмді шұжықты қалай жасайды?