Тауық етін маринадтаудың қанша түрін білесіз?

0
8 988

Табиғат аясына шыққанда кәуап пісіресіздер ме? Олай болса, оны маринадтаудың әдісін біліп алғаныңыз жөн болар...


Тауық етін маринадтаудың қанша түрін білесіз?

фото: static.wixstatic.com

Көктемде таза ауамен тыныстап, тау бөктеріне шыққанға не жетсін?! Әсіресе көкке шыққанда пісіретін кәуаптың иісін айтсаңызшы...

Қазіргі кезде табиғат аясында демалуды кәуапсыз елестете алмаймыз. Егер сіз де жақын күндері отбасыңызбен немесе достарыңызбен демалуды жоспарлап жүрген болсаңыз, тауық етіне арналған мынадай маринад түрлерін біліп алғаныңыз артықтық етпейді.


Соя соусы және балмен маринадталған тауық еті


фото: fabrika-catering.ru

Керектілер:

  • 700 гр. тауық еті
  • 1 ас қасық соя соусы
  • 1 ас қасық бал
  • 1 шай қасық лимон шырыны
  • Жарты лимонның қабығы
  • Жарты шай қасықтан паприка, куркума
  • Дәмдеуіштер

Дайындалуы:

  1. Етті жуып, қағаз майлыққа салып кептіреміз. Сосын кәуапқа лайықтап бірнеше бөліктерге бөлеміз.
  2. Маринадты дайындау үшін соя соусы, бал, лимон шырынын араластырамыз.
  3. Лимонның қабығының жартысын алып, оны сұйық араласпаға саламыз. Лимон қабығының тек сары бөлігін ғана қосасыз.
  4. Осыдан кейін паприка мен куркума және басқа да дәмдеуіштерді етпен жақсылап араластырамыз.
  5. 30 минут маринадталуы керек.


Кефирмен маринадталған кәуап


фото: womanadvice.ru

Керектілер:

  • 2 кг тауық еті
  • 500 мл 3,2 %-дық майлы кефир
  • 1 кг пияз
  • 1 бума ақжелкен
  • 1,5-2 ас қасық кәуапқа арналған дәмдеуіштер
  • Тұз, бұрыш қсоылады.

Дайындалуы:

  1. Етті жуып, қағаз майлықтарға қойып кептіріп аламыз.
  2. Пиязды жіңішкелеп турап, дайындап қою қажет.
  3. Тауық етін үлкен табаққа салып, бетіне қолмен езілген пиязды себелейміз. Ет пен пиязды араластырып, мыжғылаймыз.
  4. Сосын кефирді құйып, араластырамыз. Жалпы майлылығы аз кефирді қосуға да болады. Бірақ 3,2 пайыздық айранмен өте дәмді кәуап шығады.
  5. Дәмдеуіштерді араластырамыз. Дәмдеуіштердің құрамында розмарин, жебіршөптің (тимьян) болғаны дұрыс. Бұл өсімдіктер тағамға ерекше дәм береді.
  6. Егер кәуаптың сыртқы қабаты қытырлақ болып піскенін қаласаңыз азырақ куркума қосқан да артықтық етпейді. Соңында 1 шай қасық тұз бен бұрыш қосамыз.
  7. Ақжелкенді ірілеп турап, оны да араластырыңыз. Кейін етті пісірерде алып тастауға болады. Табақтың бетін жауып, 4-5 сағатқа қалдырамыз.
  8. Осыдан соң дайын болған етті арнайы кәуап торына немесе түйреуішіне тізіп, пісіріп ала беруге болады.


Сарымсақ пен майонез маринады


фото: i.pinimg.com

Керектілер:

  • 1 дана тауық
  • 1 бас сарымсақ
  • 100 мл майонез
  • Тұз, бұрыш
  • Дәмдеуіштер.

Дайындалуы:

  1. Тауықты бірнеше бөлікке бөліп, кәуап жасауға лайықтап аламыз.
  2. Сарымсақтың қабығын аршып, жіңішке етіп тураймыз. Содан соң тұз, бұрыш, дәмдеуіштерді майонезбен араластырырамыз.
  3. Ал, сарымсақты тауық етімен араластыру керек. Сосын тауық етін дәмдеуіштер қосылған майонезбен жақсылап араластырамыз.
  4. Осы араласпаның бетін жауып, 1,5 сағат маринадтап қояды.
  5. Әбден маринадталған етті алып, кәуап пісіре беруге болады.


Зәйтүн майымен дайындалған кәуап


фото: pp.vk.me

Керектілер:

  • 1 кг тауық еті
  • 12 ас қасық кетчуп
  • 8 ас қасық зәйтүн майы
  • Дәмдеуіштер
  • Тұз, бұрыш.

Дайындалуы:

  1. Етті жуып, кептіріп, ірілеп тураймыз.
  2. Майға бұрыш пен дәмдеуіштерді қосып, бір араластырып аламыз. Содан соң кетчуппен араластырған дұрыс.
  3. 30 минут өткен соң маринадқа тұз қосып, тағы бір араластырыңыз да, 10 минуттан кейін кәуапты пісіре беруге болады.


Сірке суы мен пияз қосылған маринад


фото: fashion-stil.ru

Керектілер:

  • 2 кг тауық еті
  • 1 кг пияз
  • 0,5 шай қасық қызыл бұрыш
  • 0,5 шай қасық қара бұрыш
  • 1,5 шай қасық тұз
  • 1-2 дана лавр жапырағы
  • Дәмдеуіштер
  • Алма сірке суы.

Дайындалуы:

  1. Егер тауықтың тұтастай етін алған болсаңыз, онда етті біркелкі етіп, кәуапқа арнап дайындайсыз.
  2. Пиязды аршып, өте жұқа етіп турау қажет. Сөйтіп үлкендеу табаққа салып, тұз қосып, әбден мыжғылаңыз.
  3. Осындай пиязға етті салыңыз. Жақсылап аралстырыңыз.
  4. Енді дәмдеуіштерді, лавр жапырағын, бұрышты қосып, барлығын жақсылап араластырасыз.
  5. Соңында алма сірке суын құйыңыз да, барлығын жақсылап араластырыңыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Наурыз дастарханында қандай тағамдардың болғаны дұрыс?


Оп-оңай жасалатын манты


НАУРЫЗ дастарханы: талқаннан қанша түрлі тағам дайындай білесіз?