ҰЛТТЫҚ ДӘМ: ЖЕНТ дайындаудың ЖАҢА әдістері

0
10 069


ҰЛТТЫҚ ДӘМ: ЖЕНТ дайындаудың ЖАҢА әдістері

Жент қазақтың ұлттық тағамдарының, дәлірек айтқанда десерттерінің бірі. Заман дамыған сайын жентті де әйелдер қауымы түрлі мәзірмен дайындауда. Бірақ женттің құрамына міндетті түрде талқан қосылатынын ұмытпайық.


Қойылтылған сүт пен қант ұнтағы қосылған шоколадты жент


Қажетті өнімдер:

  • 250 гр. талқан
  • 100 гр. сары май
  • 150 гр. қойылтылған сүт
  • 100 гр. қант ұнтағы
  • 100 гр. грек жаңғағы

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен табаққа талқан мен қант ұнтағын салып араластырып, оған қойылтылған сүтті құямыз.
  2. Енді сары май мен ұнтақталған жаңғақты салып, барлығын жақсылап араластыру керек.
  3. Дайын болған жент араласпасынан енді шариктер жасаймыз. Содан соң шариктерді қалауымызша әсемдесек болады. Ол үшін қара, қоңыр немесе қызғылт түсті шоколадтарды ерітіп, әрқайсысын бөлек-бөлек ыдысқа құямыз. Содан соң жентті түрлі-түсті етіп, әрқайсысын шоколадқа аунатып аламыз. Сонда женттер қара, қоңыр, қызғылт түсті шоколадқа айналып шыға келеді. Қазіргі таңда мұндай женттерді сатылымнан да табуға болады.


Күлше мен ұнтақ жармасы қосылған жент

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. күлше
  • 500 гр. талқан
  • 500 гр. ұнтақ жармасы (манная крупа)
  • 150-200 гр. қант
  • 500 гр. сары май

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен талқан мен қантты табаққа салып араластырып аламыз. Содан соң ұнтақ жармасын құрғақ табаға салып қуырамыз. Талқан сияқты қоңырқай түске енгенше қуыру керек. Сосын осы ұнтақ жарманы талқанға саламыз.
  2. Соңында жұмсақ сары майды қосып, қолымызбен барлығын жақсылап араластырамыз.
  3. Дайын талқанды енді бір-біріне бірігетіндей етіп, домалақ пішінде немесе сопақша етіп жент жасап шығамыз. Болмаса табьақтағы араласпаны жайпақ легенге салып, қолымызбен жаямыз да, үстінен әбден басып шығамыз. Сонда жент тығыздалады. Осылайша дайындалған жентті енді 3-4 сағат тоңазытқышқа салып қою керек.
  4. Кейіннен легендегі жентті пышақпен кесіп, тәрелкелерге саламыз да, дастарханға ұсына береміз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сүзбе қосылған ерекше 3 нан мәзірі


Сіз үшін НАУРЫЗ КӨЖЕ пісіріп береді