ЖАҢА ЖЫЛҒА өте әдемі мерекелік ДІРІЛДЕК дайындаңыз

0
4 130

ДІРІЛДЕК - кәдімгі "холодец"


ЖАҢА ЖЫЛҒА өте әдемі мерекелік ДІРІЛДЕК дайындаңыз

"Холодец" – үйбикелері үшін дайындалуы аса қиын емес, түскі немесе кешкі асқа ұсына салуға өте қолайлы астың бірі. Демалыс күндері қазанға ет пен сирақтарды салып, қайнатып қойсаңыз болғаны. Қазанның астына от жағып, түтін түтетіп әуре болмайсыз. Газды қосып қоясыз да, басқа тірлігіңізбен айналыса бересіз.


Ерекше әдіспен дайындалған ДІРІЛДЕК

Қажетті өнімдер:

  • 1,6 кг сиыр сирағы
  • 600 гр. сиыр еті
  • 2 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, кориандр
  • 5 дана бөдене жұмыртқасы
  • 150 гр. консервіленген жүгері
  • 150 гр. консервіленген горох
  • 1 бума ақжелкен
  • 5 тіс сарымсақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен сиырдың аяқтарын кастрөлге салып, қайнатамыз. 1 дана пиязды саламыз. Осылайша аяқтарды 5 сағаттай қайнатамыз. Сиыр сирақтары піскен кезде пиязды сүзіп алып тастап, сиыр етін саламыз. Ет піскенше ары қарай бірге қайната береміз. Дәміне тұз, бұрыш, кориандр қосып, 1 пияз бен сәбізді салып жібереміз. Сөйтіп барлығын бірге 15 минуттай қайнатамыз.
  2. Сосын етті, сирақтарды, барлығын сүзіп алып, сорпаны сүзгіштен өткіземіз.
  3. Осы сорпаға майдалап туралған 5 тіс сарымсақты салу керек. Етті жұқалап турап, сирақты сүйегінен ажыратып, оны да майдалап тураймыз.
  4. Қайнатылған бөдене жұмыртқаларын ортасынан бөліп шығамыз. Сәбізді де дөңгелек қалыпта турап, әдемірек болғанын қаласаңыз, жұлдызша жасай жан-жағын кесіп тастасаңыз болады.
  5. Енді холодецті құятын ыдысқа алдымен сорпаның біраз бөлігін құямыз. Жұмыртқа мен сәбізді, ақжелкенді, жасыл бұршақты, жүгеріні әдемілеп саламыз. Бетіне ет салып, тағы да сорпасынан құямыз. Соңында сирақ еттерін салып, суытып қоямыз. "Холодец" толықтай суыған кезде 6 сағаттай тоңазытқышта тұруы керек. Содан соң "холодецті" қалауыңызша кесіп, дастарханға ұсына беруге болады.


Балық қосылған ДІРІЛДЕК



Қажетті өнімдер:

  • 2 кг балық
  • 1,5 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • 1 бума ақжелкен
  • Бұрыштар
  • 4-5 дана қалампыр
  • 2-3 дана лавр жапырағы
  • 1 жұмыртқаның ақ уызы
  • Дәміне қарай тұз қосылады
  • 0,5 кг қызанақ
  • 3 ас қасық томат
  • 1 стақан сорпа
  • 1-2 тіс сарымсақ
  • Насыбайгүл, балдыркөк, жалбыз, паприка, ащы бұрыш
  • 1 ас қасық желатин
  • 1 шай қасық қант.


Дайындалу тәсілі:

  1. Балықтың желбезегін, керексіз жерлерін алып тастаймыз. Сосын балықтың басын қосып, пияз, қалампыр, сәбіз, ақжелкен, бұрыштарды қосып, қайнатамыз. Қайнаған соң көпіршігін алып тастау керек. Дәміне қарай тұз салып, араластырамыз. Сосын сәбізді сүзіп алып, әсемдеуге қойып қоямыз.
  2. Балықты қайнатуды жалғастырамыз. 30-40 минуттан соң жұмыртқаның ақ уызына тұз қосып, миксерлеу керек. Сөйтіп сорпаның түсін ашу үшін осы араласпаны құямыз. Балықты езіп, сүйектерін алып тастаймыз да, сорпаны екі қабатталған дәкеден өткіземіз.
  3. Енді қызанақты төртке бөліп, сарымсақты майдалап, балық сорпасын құйып, томатты қосамыз да, 20 минут бұқтырамыз. Осы бұқтырманы блендермен езіп, сүзгіштен өткіземіз.
  4. Сосын сүзгіштен өткен қызанақ бұқтырмасына желатинді салып, бір қайнатып аламыз. Суыту үшін тоңазытқышқа салып алуға болады.
  5. Формадағы суыған желенің бетіне салықты салып, оның бетіне балық сорпасын құямыз. Оның бетіне беленің қалғанын құюға болады. Осылайша дайындалған "холодецті" тоңазытқышқа саламыз.


Тауық аяқтарынан дайындалған ДІРІЛДЕК



Қажетті өнімдер:

  • 0,5 кг тауық аяқтары
  • 1-2 дана сәбіз
  • 2 л су
  • Дәміне қарай тұз
  • 2 тіс сарымсақ
  • Ұнтақталған қара бұрыш
  • 1 ас қасық желатин

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық аяқтарын жуып, қазанға салыңыз. Етке 1 литр су құйып, отқа қойыңыз. Су қайнаған соң сорпаны төгіп тастап, етті жуасыз. Содан соң қазанға тағы да 1 литр таза су құйып, отқа қойып қайнату керек. Қайнаған кезде көпіршігін алуды ұмытпаңыз. Тұз қосып, 20 минуттай қайнатасыз.
  2. Сәбізді жуып, қабығын аршымай қазанға салыңыз. Сәбіз пен тауық аяқтары піскен соң оларды сүзіп алып, сорпаны суытып қоясыз. Суыған сорпаны сүзгіштен өткізіп, 50 мл сорпаға тез еритін 1 ас қасық желатин саламыз. 5-10 минутта желатин көтеріле бастайды.
  3. Сәбіздің қабығын аршып, дөңгелек қалыпта турау керек. Сарымсақты да аршып, майда үккіштен өткіземіз. Сөйтіп сарымсақты жарты литр сорпаға салып қоясыз.
  4. Желатинді отқа қойып азырақ қыздырып, сорпаға құйыңыз.
  5. Тауық аяқтарынан етті сылып алып, тураймыз. Формаға алдымен тауық етін саламыз. Осы формаға сорпаны құйып, бетіне түрлі пішінде кесілген сәбізді орналастырамыз. "Холодецтің" бетін тағамдық пленкамен жауып, тоңазытқышқа салып қоясыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТОМАТТЫ үйде өзіңіз-ақ ЖАСАП АЛА АЛАСЫЗ


ХАЛВА қосып та күлше жасауға болады