Өте дәмдi әрi дастарханның көркін ашатын тағамдардың бiрi – жасанды тауық аяқтары. Ол ет жентегiнен әзiрленедi. Кешкi аста жасанды тауық аяқтарын әзiрлесеңiз, отағасы мен ата-енеңiз сiздiң шеберлiгiңiзге тәнтi болатыны анық-ақ.
Өте дәмдi әрi дастарханның көркін ашатын тағамдардың бiрi – жасанды тауық аяқтары. Ол ет жентегiнен әзiрленедi. Кешкi аста жасанды тауық аяқтарын әзiрлесеңiз, отағасы мен ата-енеңiз сiздiң шеберлiгiңiзге тәнтi болатыны анық-ақ.
Қажеттi заттар:
Қамыр үшiн:
*** Ұн – 250 г
*** Айран – 0,75-1 стақан
*** Ас содасы – 1/2 шай қасық
*** Тұз – қалауыңызға қарай
Ет жентегi үшiн:
*** Тауық етi 500 г
*** Пияз – 1 дана
*** Тұз бен бұрыш – қалауыңызға қарай
Қосымша:
*** Өсiмдiк майы қалауыңызға қарай
*** Ұзынша печенье – 10-15 дана
Дайындау тәсілі:
- Айранды эмальды ыдысқа құйып, отта бiршама уақыт ұстап сәл жылытыңыз.
- Сосын оған ас содасын қосып, көпiргенше араластырыңыз.
- Одан соң отты сөндiрiп, тұз бен ұн қосып қамыр илеңiз.
- 1 мм қалыңдықта қамырды оқтаумен жайыңыз.
- Жайылған қамырды енi 3 см болатындай етiп ұзыншалап, суретте көрсетiлгендей бiрнеше бөлiктерге кесiңiз.
- Тауық етiн сүйегi мен терiсiнен бөлiп алып, еттартқыштан өткiзiңiз.
- Жентек жылдам пiсуi үшiн әрi дәмдi болсын десеңiз, тауықтың тек кеуде етiн пайдалану керек. Немесе дайын жентек сатып алыңыз.
- Пиязды жiңiшке әрi ұсақ етiп турап қосыңыз.
- Оған татымына қарай тұз бен қара бұрыш, дәмдеуiштер қосыңыз.
- Ұзынша печеньенi кез келген азық-түлiк дүкенiнен таба аласыз. Оның қант қосылғаны да, тұз қосылғаны да кездеседi. Мейлiнше, тұзды ұзынша печеньенi таңдаған дұрыс.
- Оны бiр-бiрлеп алып, тауық саны көлемiндей етiп ет жентегiн «жабыстырыңыз».
- Алдымен, ет жентегiнен 2 ас қасық алып, қолыңызбен шар тәрiздi пiшiнге келтiрiңiз.
- Оның ортасына ұзынша печеньенi тығып, қолыңызбен тауық санына ұқсатып көркемдеңiз.
- Сосын кесiлген ұзын қамыр кеспесiн сыртынан ораңыз.
- Бiрнеше тауық аяқтарын жасаған соң, табаға өсiмдiк майын құйып қыздырыңыз.
- Жасанды тауық аяғын табаға салғанда жартылай майға батып тұрғаны жөн.
- Екi жағын жақсылап қуырған соң, тауық аяқтарын дуршлагқа салып қойыңыз. Майы сорғыған соң, дуршлагтан алып, жалпақ тарелкаларға салуға болады.
- Тауықтың жасанды аяқтарының жанына гарнир ретiнде картоп езбесiн немесе суға қайнатылған күрiштi, макаронды салып беруге болады.
Ас болсын!