Дәмді әрі пайдалы құймақ жегіңіз келсе, банан, киви, алма қосып дайындап көріңіз!
Банан қосылған құймақтар
Қажетті өнімдер:
- 2 дана банан
- 1-2 дана жұмыртқа
- Қуыру үшін өсімдік майы
- Ванилин немесе даршын дәмдеуіші
Дайындалу тәсілі:
- Бананды блендермен езіп алыңыз немесе үккіштен өткізуге болады. Болмаса шанышқымен езудің өзі жеткілікті болмақ.
- Банан езбесін жұмыртқамен араластырып, ванилинді немесе даршынды салыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, табаны қыздырамыз.
- Табаны майлап, құймақтарды қасықпен құйып шығамыз. Егер құймақтың әдемі боп піскенін қаласаңыз, көлемін кішірек қылғаныңыз дұрыс. Әйтпесе банан қосылған құймақтардың екінші бетін аудару қиынға соғады. Тым жұмсақ болғандықтан құймақты бұзып алуыңыз мүмкін.
- Дайын құймақтарды қаймақпен немесе тосаппен ұсына берсеңіз болады.
Алма қосылған құймақтар
Қажетті өнімдер:
- 200 гр. айран
- 1 дана жұмыртқа
- 3 ас қасық қант
- 100 гр. ұн
- 0,5 шай қасық ас содасы
- 3-4 дана алма
- 1 ас қасық өсімдік майы.
Дайындалу тәсілі:
- Табаққа айранды құйып, жұмыртқа, қант, ас содасымен араластырамыз.
- Осы араласпаға ұнды салып, араластырамыз да, 20 минутқа қалдырамыз.
- Алманы ортасынан бөліп, дәндерін алып тастаймыз да, майдалап тураймыз. Бірақ та алманың қабығын аршуды ұмытпау керек.
- Сосын осы туралған алмаларды қамырға салып, араластырамыз.
- Табаға жарты қасық май құйып, қамырды қасықпен құямыз да, пісіріп ала береміз. Табаның қақпағын жауып, 3-4 минут ұстаймыз. Содан соң құймақтардың екінші бетін аударып, қызарғанша пісіреміз.
Киви қосылған құймақтар мәзірі
Қажетті өнімдер:
- 1 дана жұмыртқа
- 1 ас қасық айран
- 15 гр. ванильді қант ұнтағы
- ½ шай қасық ас содасы
- 1 дана киви
- 3 ас қасық қант
- Өсімдік майы
- 1,5 ас қасық ұн
- 1 дана алма
Дайындалу тәсілі:
- Ұнды електен өткізіп, шұңғыл табаққа салыңыз. Сосын оған ванильді қантты қосып, айранды құйып жақсылап араластырыңыз.
- Жұмыртқаны табаққа жарып салып, қантпен бірге жақсылап көпіршітеміз.
- Алманың қабығын аршып, текшелеп турап, қамиырға қосамыз. Кивиді де дәл осылай турап, алмамен бірге қамырға қосамыз.
- Табаны отқа қойып қыздырып, азырақ өсімдік майы құямыз. Сосын құймақтарды қасықпен құйып, екі бетін де қызарта пісіріп аламыз. Дайын құймақтарды тосаппен немесе басқа да тәттілермен ұсына беруге болады.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Стақандағы «ҚЫЗЫЛ БАРҚЫТ» тәттісі