​ҚАДІР ТҮНІ қандай адамдардың ҚҰЛШЫЛЫҒЫ қабыл болмайды?

0
5 951

МЫНА 4 түрлі адам Қадір түнінің жақсылығынан құр қалады.


​ҚАДІР ТҮНІ қандай адамдардың ҚҰЛШЫЛЫҒЫ қабыл болмайды?

фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Айлардың сұлтаны Рамазан айының соңғы он күндігіне жасырылған Ләйлатул-Қадір түні мол сауапқа кенелетін сәт, адамзаттың соңғы пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.с) үмметі үшін қасиетті түнде зор хикмет бар.

Расулалла саллалаһу уәссалләм айтқан екен, мүмін кісіге бір жақсылық бар. «Ауыз ашатын уақытта бір тілегі қабыл болады, әлбетте дұғаңызға ата-анаңызды, балаларыңызды, жұбайыңызды яки досыңызды, көршіңізді қосыңыз. Оларға да жақсылық тілеп, Алладан жалбарынып сұраңыз. Міндетті түрде сол дұғаңыз қабыл болады. Қаншалықты?

Осы сұрақтың жауабын білгіңіз келсе, тағы бір риуаят бар. Хазіреті Мұса пайғамбар Алла-Тағаламен тілдескені жайлы.

Мұса пайғамбар «Е, Аллаһым, мен сені бір көрсем болады ма? Сенің дидарыңды көргім келеді» дейді. Сонда Аллаһ-Тағала айтқан екен «Сен мені көре алмайсың, мені көру үшін тауға қарап көрші, мен сонда көрінемін». Сонда Мұса пайғамбар тауға қарағанда тау жермен-жексен болып тып-типыл болған екен. Тау үгітіліп жазық жерге айналғанда Алла-Тағала Мұса пайғамбарға «Сен бұл тау секілді емессің, мені көре алмайсың» дейді. Содан Мұса пайғамбар мақтаныш қылады екен, «Мен Аллаһпен тілдестім» деп. Сонда Аллаһ «Ей, Мұса! Екеуміз сөйлескенде ортамызда перде болған. Жетпіс мың перде бар еді. Ал сол жетпіс мың перде қай кезде болмайды соны айтайын. Мұхаммедтің (с.а.с) үмбеті ауызашар уақытында жақындағанда қалағанын сұрай алады. Ол кезде мен пендеммен арамызда тұратын жетпіс мың пердені түріп қоямын» дейді екен.

Әр күн сайын ауызашар уақытында осыны еске алыңыз. Ауызашар уақытында Алла-Тағала мен пенденің ортасында перде болмайды. Сондықтан, мұсылман адамның тілегі қабыл болатын, қасиетті айда, соның ішінде қасиетті Қадір түнінде құлшылық етіп, мол сауаптан құр қалмаңыз.

фото:Twitter›kairbekovna

«Қадір түні мың айдан да қайырлы, бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар,»- делінген. Мың айдан да қайырлы бір түннің игілігі мен жақсылығынан құр қалатын пенделер бар, оларды құр қалдыратын іс-әрекеттер бар. Пайғамбарымыз (с.а.с) «Қадір түнінің жақсылығына құлшылық қылған барлық адамдар бөленеді, бірақ осы ТӨРТ түрлі адам Қадір түнінің жақсылығынан құр қалады» деп ескертеді.


Олар кімдер?

Бірінші, ата-анасына қарсы келген, ата-анасының көз жасына қалған, ата-анасының ашуына ұшыраған адам.

Екінші, туған-туыстарымен байланысын үзген адам.

Үшінші, Алла тағаланың тыйым салғанына қарамастан, арақ ішіп, маскүнем болған адам.

Төртінші, ызақор, кек сақтап, араз болып жүрген адам.


Сондықтан, ата-анамызды ренжіткен болсақ, қазірден бастап, ризалығын алайық.

Егер ол кісілер о дүниеге кеткен болса, ата-анамыз үшін дұға жасап, кешірім сұрайық.

Егер, туған-туысқандарымен қарым-қатынасқа балта шапқандар болса, ұялы телефонмен болсын, кешірім сұрап, татуласайық. Алла тағаланың тиым салған арағына құмар адам болса, тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрайық. Ызақор болсақ, ренжіткен адамдарымыздан бірінші болып кешірім сұрайық!

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, Қадір түнінің жақсылығына бөленіп, сауаптан құр қалмайық!

Жинақтаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КӨЗ ТИГЕН баланы ҰЛТАРАҚпен ұшықтайды

ЕСТІРТУ: мұны ӘЙЕЛ жасамағаны дұрыс