10 келіден арылтады: ​ШҰЖЫҚТЫ жақсы көретіндерге арналған 10 күндік диета

0
4 404

Сіз таңданып отырған боларсыз, әрине шұжықпен де арықтауға болады.


 10 келіден арылтады: ​ШҰЖЫҚТЫ жақсы көретіндерге арналған 10 күндік диета

Шұжықтың зиянды тағам екенін біле тұра, оны сүйіп жейтіндер көп-ақ. Дегенмен, шұжықтың да салмақ тастауға көмегі тиеді дейді мамандар. Ендеше шұжықтан құралған диета мәзірін ұсынайық.


  1. Таңертең сағат 8:00-де ұйқыдан тұрып, 1 стақан су ішесіз. Содан соң 10 минуттан кейін қантсыз 1 шыны кофе немесе шай ішуге болады. Кофеге де шайға да азырақ сүт немесе кілегей қоссаңыз артықтық етпейді. Ал, қантсыз сусын іше алмайтын болсаңыз қант алмастырғыш қосыңыз.
  2. Таңғы кофенің орнын коктейльдер мен алмастыруға болады. Диеталық коктейльдер дайындап ішсеңіз, ағзаңыз күні бойы дәруменмен қанығатын болады. Мұндай таңғы коктейльдер сергітетін қасиетке де ие екенін ұмытпау керек.
  3. Сосын 10:00-де 1 дана қайнатылған жұмыртқа жейсіз.
  4. Екі сағаттан соң яғни, сағат 12-де 200 гр. өзіңіздің ең сүйікті шұжығыңызды жесеңіз болады. Бірақ та шұжықтың калориясы аз әрі майлы түрін таңдаған дұрыс.
  5. 14:00-де 100 грамм майсыз ірімшік жеу ұсынылады.
  6. Содан соң тағы екі сағаттай уақыт өткенде, яғни, 16:00-де 200 грамм майсыз сүзбе жейсіз.
  7. Бұл күні тамақтануды сағат 18:00-де аяқтайсыз. Кешкі алтыдан кейін ештеңе жеуге болмайды. Кешкі асқа тек майсыз 1 стақан айран іше аласыз.


Қойылатын талаптар:

  • Диетаның ең басты талабы – суды көп ішу. Ең пайдалысы газсыз таза су. Күн сайын 2 литрден аса су ішу ұсынылады. Сонымен қатар, әрбір екі сағат сайын тамақтану міндетті.
  • 10 күн бойы тек жоғарыда берілген ас мәзірі бойынша тамақтану керек.
  • Егер сіз барлық талапты дұрыс орындайтын болсаңыз, 10 күнде 10 кг артық салмақтан арылып, мүсініңізді суреттегідей күйге жеткізе аласыз. Бұл өте жақсы нәтиже емес пе?!


Ескерту! Аталмыш диетаны емізулі аналар мен жүкті әйелдерге ұстауға болмайды. Өйткені диетаны бастаған күннен ағза артық майлардан арыла бастайды. Осындай кезде әлсіздік пайда болып, жүкті әйелдердің бұл жағдайға шыдай алмауы мүмкін. Сондықтан да мамандар оларға бұл диетаны ұстауға кеңес бермейді. Тіпті, мүлде болмайтындығын айтып ескертеді.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЖҮРЕК ТАЛМАСЫның алдын алу үшін КИВИ жеу керек


Мына САЛАТТАР салмағыңызға АРТЫҚ КЕЛІ қостырмайды