​40+: ЦЕЛЛЮЛИТТЕН құтылудың МЫҚТЫ ТӨРТ ӘДІСІ бар

0
4 218

Терінің қартаймауына коллаген жақсы көмектеседі. Сондықтан да ағзада коллаген неғұрлым көп түзілсе, соншалықты целлюлитке пайдасы тиеді.


​40+: ЦЕЛЛЮЛИТТЕН құтылудың МЫҚТЫ ТӨРТ ӘДІСІ бар

Целлюлит көбіне 40 жастан асқанда пайда бола бастайды. Мұндай көрініс әйелдердің өзіне деген сенімділігін жоғалтып, көңіл-күйін түсіреді. Дегенмен, целлюлиттен арылудың да әдістері бар екен.

Бүгін біз целлюлитпен күресуді үйренетін боламыз. Егер сізде де осындай проблема болса, біздің кеңесімізге құлақ түріңіз.


1. Жаттығу жасаңыз

Денені шынықтырғанда сіздің бұлшықеттеріңіз нығайып, терінің созылуына жол бермейді. Жаттығу жасау арқылы целлюлиттің ұлғаюына қарсы тұра аласыз.

Бұдан бөлек, физикалық белсенділік қаншалықты жиі болса соншалықты пайдалы болмақ. Тек целлюлитті емдеп қана қоймай, жаттығулар қан айналымды жақсартып, бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді.


2. Коллагеннің түзілуіне ықпал ететін азық-түлікті пайдаланыңыз

Терінің қартаймауына коллаген жақсы көмектеседі. Сондықтан да ағзада коллаген неғұрлым көп түзілсе, соншалықты целлюлитке пайдасы тиеді. Әсіресе коллагеннің түзілуіне С дәрумені жақсы әсер етеді. С дәруменіне бай тағамдарды көп тұтыну бір жағынан коллагеннің түзілуіне ықпалын тигізсе, бір жағынан иммунитетті көтереді.



3. Целлюлиттің пайда болуына ықпал ететін тағамдардан бас тартыңыз

Қазіргі заманғы әрбір әйелдің рационында целлюлиттің туындауына, бұрын пайда болғаны бар болса, оның одан әрі дамуына ықпалын тигізетін тағамдар бары рас. Мұндай тағамдарға:

  • Құрамында тұзы көп тағамдар (фастфуд, консервілер, чипсы);
  • Тәтті қосылған өнімдер (газды сусындар, шоколад, десерттер);
  • Алкогольді сусындар.

Міне, дәл осы зиянды тағамдар целлюлиттің көбеюіне айтарлықтай әсер етеді. Ал, бұл тағамдарды рационыңызға қоспасаңыз, күнделікті физикалық белсенділігіңізді арттырып отырсаңыз бәрі де ойдағыдай болары сөзсіз.


4. Ақуызды көбірек тұтыныңыз

Тері мен бұлшықет құрылысының жақсаруы үшін оған жағымды әсер ететін дәрумендер мен пайдалы заттар және ақуыз қажет. 40-тан асқандарға бұл тіпті қажет деп айтуға болады. Ал, қазір көп әйелдер ақуызға емес, көмірсуға бай тағамдарды тұтынады. Сол себепті де олардың терісі созылып, кей жағдайларда ыдырап та жатады.

Ендеше, сіздің теріңізде целлюлит болса, құрамында ақуызы көп тағамдарды рационыңызға қосыңыз. Мысалы 1 кг салмағыңызға 1,5 гр ақуыздан есептейсіз.

Ақуызға бай тағамдарға: жұмыртқа, сүзбе, балық, тауық, теңіз өнімдері, жаңғақтар, бұршақ тұқымдастар кіреді. Осы тағамдар сізді бұл тығырықтан шығарады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Газды су ФИГУРАНЫ бұзатынын білесіз бе?


Диетологтар ЛИМОН мен ҚИЯРдан арықтататын сусын ойлап тапты