40 жастағы әйелге ең керекті нәрсе кальций екенін білесіз бе?
40 жастан кейін әйелдердің бет-жүзінің әрі кетіп, әжімдене бастайды. Тек сырт келбеті ғана емес, ішкі ағзалары да сыр беріп, гормоналды өзгерістерге тап болады. Сонымен қатар, артық салмақ қосып, зат алмасу процесі де баяулай түседі. Сол себепті де мұндай жастағы әйелдер денсаулығына көп көңіл бөліп, тамақтану рационына да мән бергені дұрыс дейді мамандар. Ол үшін мына ережелерді сақтаған жеткілікті.
Тағам калориясы біркелкі болуы маңызды
Тым қатал диета немесе артық тамақтанудан бас тартасыз. Таңғы, түскі және кешкі астың құрамы нәрлі заттарға бай әрі әртүрлі тағамдардан құралған болуы керек. Сондай-ақ, күнделікті энергия шығару жолдарын қарастырып, жаяу жүруді, жаттығумен айналысуды немесе жүгіруді қолға алған дұрыс. Физикалық белсенділіктің де тұрақты болғаны жөн. Егер жаттымен бір апта айналысып, келесі аптада ұмыт қалдыратын болсаңыз, семіздікке бой алдырып, зат алмасу дүйесіне де кері әсері тиюі әбден мүмкін.
Су ішу маңызды
Ағзаға сұйықтық жетіспесе ішкі жүйелер дұрыс жұмыс істемейді. Мысалы, майдың ыдырауына, пайдалы заттардың сіңуіне, барлық алмасу процестерінің дұрыс орындалуына айтарлықтай кері әсер етеді. Сол үшін ең дұрысы қарапайым су ішіп, ағзаны сұйықтықпен қамтамасыз еткен дұрыс. Алайда шөлдемеген жағдайда өзіңізді қинап су ішудің қадеттілігі жоқ.
Тұзды азайтыңыз
Тұзды тағамдар сұйықтықтың ағзаға сіңуін кешеуілдетеді. Содан кейін дене ісініп, қан айналым нашарлайды. Нәтижесінде созылмалы аурулар қоза түсіп, денсаулығыңыз сыр береді. Тұзды әсіресе шұжық өнімдеріне, консервіленген азықтарға, фаст-фуд өнімдеріне, дайын тағамдарға көп қосады екен. Сондықтан да дәл осы тағамдарды азайтуға кеңес береміз.
Қантты да азайту керек
Қантты көп қолданған жағдайда қандағы инсулин көбейіп, қант диабетіне шалдығу қаупі бар. Сол себепті де қанттың көлемін азайтып, тіпті, құрамында қанты бар азықтарды да шектеген жөн. Кондитерлік тәттілер, газды сулар салмағыңызға салмақ қосып қана қоймай, басқа да зиянды әсерлері өте көп. Мысалы, май басуды жылдамдатады, атеросклерозға шалдықтырады. Осындай аурулардың алдын алу үшін күніне 3-4 қасық қантты шайға салып ішкен жеткілікті.
Кофе мен шайды да азайту керек
Бұл сусындар етеккір үзілісі кезінде болатын жайсыз белгілерді күшейтеді. Олар: бас аурулары, ашушаңдық, артериалды қан қысымының көтерілуі, тершеңдік, ұйқысыздық болып табылады. Оның үстіне кофе мен шай тұз теңдестігінің бұзылысына жол беріп, ағзаға өте қажетті кальций элементінің сұйықтықпен бірге сыртқа шығаруға ықпал етеді.
Сүт өнімдері
40 жастағы әйелге ең керекті нәрсе кальций екенін білесіз бе? Ал, кальций элементі сүт өнімдерінде баршылық. Аталмыш заттың ағзаға сіңуі үшін D дәрумені өте қажет. Сонда ғана әйел ағзасы жақсы жұмыс істеп, кез келген ауруға қарсы тұра алады.
Ет өнімдері
Көбірек күркетауық, тауықжәне бұзау етін пайдаланған дұрыс. Майсыз етте ақуыз көп әрі калориясы аз болатындықтан пайдалы деуге болады. Сондықтан да болар ет жемейтіндер ерте қартайып кетеді екен. Сондай-ақ, қаназдық ауруына шалдығуы ғажап емес.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Меруерт Қазбекқызы, диетолог: Арықтаудағы ең үлкен қателік - диета ұстау