​7 күнде 5 келі артық салмақтан арылу әдісі

0
5 859

Сіз дұрыс оқып отырсыз! 1 аптада 5 келіден арылуға болады.


​7 күнде 5 келі артық салмақтан арылу әдісі

Бұл диета бар-жоғы жеті күнге арналған. Осы уақыт аралығында диетаны дұрыс ұстап, соңына дейін жететін болсаңыз, міндетті түрде 5 келі майдан арыласыз. Көпшілік нәзікжандылар белімдегі немесе бөксемдегі, санымдағы майлардан арылғым келеді деп мәселені қиындатып жатады. Аладйа диета ұстаған адамның бір-ақ жері арықтауы мүмкін емес. Белгілі бір жерге әсер ету үшін, сол аймаққа арналған жаттығу жасауға болады. Мысалы, белдегі немесе қарындағы майды кетіру үшін сол жерлерге арналған жаттығуларды жасасаңыз, қандай да бір нәтиже береді. Ал, мамандар диетаны олай бөле алмайтынымызды айтады.

Диетаның дененің барлық жеріне бірдей әсер етуі семіздіктен арылғысы келетін жан үшін тиімді де. Өйткені артық майлар денеге, ішкі ағзаларға жабысатыны белгілі. Бүгінгі диета қиындыққа төзе білетін, сабырлы, аштыққа шыдайтын кез келген жанға арналады. Олай болса кеттік, бастаймыз!

Таңғы ас:

Қанталмастырғыш қосылған кофе, 50 грамм ірімшік (сыр).

Түскі ас:

1 дана қайнатылған жұмыртқа мен 150 гр. қайнатылған немесе буда дайындалған ет, 25 гр. ірімшік.

Бесін ас:

1 шыны шай немесе кофе.

Кешкі ас:

150 гр. ет, зәйтүн майы қосылған көкөніс салаты.

Жоғарыда келтірілген ас мәзірін жеті күн бойы жалғастырсаңыз болады. Егер дәл осы тағамдардан жалығып кетемін дейтін болсаңыз, 7 күнде 5 келі салмақты азайтатын төмендегі диета мәзірін ұстануға да мүмкіндігіңіз бар.


7 күндік диета мәзірі


1-күн

Таңғы ас: 1 тәрелке қайнатылған қарақұмық пен қырыққабат салаты.

Түскі ас: көкөністермен бұқтырылған 150 гр. балық.

Кешкі ас: бұршаққынды үрмебұршақ салаты (стручковая фасоль), 100 гр. сүзбе.

2-күн

Таңғы ас: сұлы ботқасы мен 100 гр. балғын ананас.

Түскі ас: 150 гр үккіштен өткізілген сәбіз, грильде піскен күркетауық еті.

Кешкі ас: салат жапырақтарынан дайындалған салат пен 1 стақан айран.

3-күн

Таңғы ас: қайнатылған күріш пен 1 стақан қызанақ шырыны.

Түскі ас: 1 дана көк алма, жұмыртқаның ақ уызынан дайындалған омлет пен 100 гр. жасыл бұршақ.

Кешкі ас: 100 гр. майсыз сүзбе.

4-күн

Таңғы ас: 1 бұқтырылған брокколи мен 100 гр. сүзбе.

Түскі ас: 150 гр. балық немесе ет, қияр салаты.

Кешкі ас: алма, ананас шырыны мен грейпфруттан дайындалған смузи.

5-күн

Таңғы ас: 5-6 дана қара өрік қосылған қайнатылған қарақұмық.

Түскі ас: тауық етінен дайындалған буда піскен котлет, балғын көкөністерден дайындалған салат.

Кешкі ас: бұршаққынды үрмебұршақ пен жұмыртқаның ақ уызынан дайындалған омлет.

6-күн

Таңғы ас: 150 гр. сүзбе, жарты дана грейпфрут.

Түскі ас: қырыққабат пен алма қосылған салат, 1 тәрелке сұлы ботқасы.

Кешкі ас: аскөк қосып бұқтырылған балық.

7-күн

Таңғы ас: 1 порция қайнатылған күріш, 1 стақан көкөніс шырыны.

Түскі ас: 200 гр. қайнатылған ет, қырыққабат мен қияр және лимон шырыны қосылған салат.

Кешкі ас: 150 гр. сүзбе мен 2 дана қызанақ.


Бұл диетаны кімдерге ұстауға болмайды?

  • Асқазан-ішек жолдары ауруларында;
  • эндокринді жүйе бұзылысында;
  • жүкті және емізулі әйелдерге аталмыш диетамен әуестенбеген абзал.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Алма сірке суы 7 күнде 4 келі салмақ тастауға көмектеседі


Арықтауға КҮШ-ҚУАТЫҢЫЗ жетпей ме?