Алма сірке суына су немесе айран, май қоспай ішу өте қауіпті!
Алма сірке суы А, В, С, Е, Р дәрумендері мен кальций, магний, темір мен пектин секілді пайдалы заттарға бай. Оның адам денсаулығына пайдасы ұшан-теңіз. Дегенмен, мұндай сірке суды пайдаланар алдында міндетті түрде дәрігерден кеңес алу керек. Содан кейін ғана арықтауды қолға алсаңыз болады.
Диетологтар арықтау үшін алма сірке суын былай дайындап ішуді ұсынады:
2-3 шай қасық алма сірке суын 1 стақан қайнаған сумен араластырасыз. Содан соң осы суды үшке бөліп, таңертең, түсте және кешкілік уақытта ішу керек.
1 стақан жылы суға 1 шай қасық алма сірке суын қосып, ашқарынға ішесіз.
1 шай қасық зәйтүн майына 0,5 шай қасық алма сірке суын қосып, ашқарынға ішеді.
1 стақан майсыз әрі қышқыл айранға немесе сүтке 1 шай қасық алма сірке суын және бал қосып ішуге болады.
Алма сірке суына су немесе айран, май қоспай ішу өте қауіпті! Сол себепті де өте сақ болыңыз! Ал, барлығын дұрыс қолданған болсаңыз, тәбетіңіз басылып, салмақ тастай бастайсыз!
Ескерту! Дәрігермен кеңесіп алу қажет!
Алма сірке суымен 7 күнге арналған диета
1-күн
Таңғы ас: Қарақұмық ботқасы, 1-2 дана қайнатылған жұмыртқа, шай.
Түскі ас: 200 гр. майсыз қайнатылған ет, қайнатылған көкөністер, шырын.
Кешкі ас: қайнатылған балық пен нәрсу.
2-күн
Таңғы ас: Қантсыз йогурт немесе сүзбе, қара шай.
Түскі ас: күріш көже, алма шырыны.
Кешкі ас: көкөністерден және салат жапырағынан дайындалған рагу, алма нәрсуы.
3-күн
Таңғы ас: жұмыртқадан дайындалған құймақ, сүзбе, қара шай.
Түскі ас: майсыз ет қосылған қарақұмық сорпасы, нәрсу.
Кешкі ас: 150-200 гр. қайнатылған тауық еті, 1 тілім ірімшік және алма шырыны.
4-күн
Таңғы ас: кептірілген жемістер мен сүзбеден дайындалған пирог, қара шай.
Түскі ас: ет қосылған қарақұмық сорпасы, кез келген шырын.
Кешкі ас: көкөністерден дайындалған рагу немесе винегрет салаты, алма нәрсуы.
5-күн
Таңғы ас: күріш ботқасы немесе майсыз палау, қара шай.
Түскі ас: балық сорпасы. Кептірілген алмадан дайындалған шырын.
Кешкі ас: сүзбе пісірмесі, алма нәрсуы.
6-күн
Таңғы ас: сүзбе немесе 1 стақан йогурт, қара шай.
Түскі ас: көкөніс салаты және алма шырыны.
Кешкі ас: қайнатылған балық, 1 уыс қарақұмық, алма шырыны.
7-күн
Таңғы ас: кептірілген жемістер қосылған күріш ботқасы, қара шай.
Түскі ас: пеште піскен картоп пен ет тағамы, алма шырыны.
Кешкі ас: 2 дана жұмыртқадан дайындалған құймақ, 1 тілім ірімшік, алмадан дайындалған нәрсу.
Мынадай жағдайларда алма сірке суын пайдалану ұсынылмайды:
- Қышқыл көбейіп кеткенде;
- Асқазанда жарасы бар немесе қабынып тұрған болса;
- Остеопороз кезінде;
- Қант диабетіне шалдыққан жандарға.
Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Арықтауға КҮШ-ҚУАТЫҢЫЗ жетпей ме?