​Арықтау үшін МОТИВАЦИЯ: Мына 6 тәсілді қолданыңыз

0
6 876

Сіз сымбатыңызды бірқалыпты сақтау үшін немесе қалыпқа келтіру үшін мотивацияны қайдан аласыз? Үнемі айналаңыздағы адамдардан қолдау күтесіз бе? Жалпы, мотивация деген не?


​Арықтау үшін МОТИВАЦИЯ: Мына 6 тәсілді қолданыңыз

Арықтау үшін өз-өзіңізге сенімді әрі нақты мақсаты бар жан болуыңыз керек. Егер сіздің бойыңызда мұның бірі де болмаса арықтау сіздің қолыңыздан келмейді. Мұндай жағдайда сізге мотивация керек болады. Мәселен, мына төмендегідей мотивациялар сізге көмектесуі әбден мүмкін. Ендеше мотивацияны қайдан алуға болатынын біле жүріңіз.

Мотивация – сізді мақсатыңызға жетелейтін күшті құрал. Әбден күшіңіз сарқылғанда алға қарай жүруге, арықтауға ынталандырады. Сол себепті де сымбатының сымдай тартылғанын қалайтын аруларға үнемі мотивация алуға тура келеді. Мотивацияның түрі өте көп. Тек қана солардың ішінен өзіңізге ұнайтынын әрі жаныңызға жақынын таба алсаңыз болғаны.


1. Фитнеспен айналысатын жұлдыздарға жазылыңыз

Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы фитнес жұлдыздар мен тренерлер парақшасына жазылыңыз. Олардың әрбір контентін көру арқылы мотивация алуға болады. Сонымен қатар жұлдыздардың парақшасынан түрлі пайдалы ақпараттар мен дұрыс тамақтануға арналған тағамдар мәзірін, пайдалы жаттығуларды таба аласыз. Әсіресе блогер қыз-келіншектердің парақшасына жазылсаңыз, тіптен жақсы. Олардың әрбір айтқан сөзі мен жасаған іс-әрекеті сізге міндетті түрде мотивация сыйлайды.


2. Арманыңыздағы әйел бейнесін табыңыз

Мүсіні өте тартымды әрі әдемі, өз арманыңыздағы қыздың суретін тауып алыңыз. Осы суреттегідей мүсінге қол жеткізу үшін барыңызды салуыңыз керек. Ол үшін дұрыс тамақтануды қолға алып, өз-өзіңізге мотифация беріп, осындай дүниелерден қолдау тауып, фигураңызды жақсартуға тырысыңыз. Сонда бәрі де ойдағыдай болады.

Мұндай суретті қайдан табамын деп отырған боларсыз. Мысалы, өзіңіздің ескі суретіңіз немесе атақты блогердің әдемі суреті болуы мүмкін. Ең маңыздысы бұл суретке сіз күн сайын қарап отыруыңыз керек. Үйге барғанда да, жұмыс орнында да осы суреттің көз алдыңызда тұрғаны дұрыс.


3. Сізбен бірге арықтағысы келетін жанды табыңыз

Құрбыңыз да сіз секілді арықтауды армандайтын болар. Егер осы жолға бірге қадам жасайтын болсаңыздар нәтижесі де ойдағыдай болары сөзсіз. Сондай-ақ, ғаламтордан бірге оқуға болатын түрлі материалдарды тауып, жаттығуды да бірге жасайсыздар. Ал, келесі күні әрқайсысыңыз өз жетістіктеріңізбен бөлісіп, ары қарай жылжуға бір-біріңізден мотивация алыңыздар. Ең бастысы екі құрбының дене салмағы бірдей немесе бір-біріне жақынырақ болғаны да дұрыс. Сонда нәтижелер де ұқсас болады.


4. Пікірталас болғаны да дұрыс


Құрбыңызбен үнемі бәсекелесіп, пікірталаста болыңыз. Өзіңіздің одан да тез арықтайтыныңызды, артық тамақ жеп қоймайтыныңызды айтып мықты екеніңізді дәлелдей түсіңіз. Бұдан бөлек, көп салмақ тастаған жандардан кеңес алсаңыз болады. Мұндай кеңестер сізге шабыт беріп, дұрыс бағытта келе жатқаныңызды анықтауға көмектеседі.


5. Дәмді әрі пайдалы тағамдар мәзірін табыңыз

Мұндай мәзірлерді де блогерлердің немесе фитнес тренерлердің инстаграм парақшасынан тауып қаласыз. Дұрыс тамақтану мәзірін көпшілік дәмсіз әрі тойымсыз тағамдардан тұрады деп ойлайды. Алайда әрбір тағамды дәмді қылу өз қолыңызда. Сондай-ақ, дәмді тағамның рецептін табу да өзіңізге байланысты. Адам әрқашанда қалағанын табады, жасай алады. Егер сіз сондай бір керемет әрі пайдалы тағамның немесе десерттің мәзірін ісдесеңіз, алдыңыздан шығары сөзсіз. Осы орайда, зиянсыз тамақ жеуден қорықпай, керісінше мотивация алатын болсаңыз діттегеніңізге жетпей қоймайсыз.


6. Таразыға күн сайын тартылмаңыз

Салмақ тастауды қолға алған қыздар таразыға күн сайын тартылуды да әдетке айналдырып алады. Алайда мамандар бұл әрекеттің дұрыс еместігін айтады. Таразыға 4-7 күнде бір түскен жеткілікті. Әрбір тастаған салмағыңыз үшін өзіңізді марапаттап отырыңыз. Егер бір апта ішінде 1-2 кг салмақ тастаған болсаңыз, көптен бері жегіңіз келіп жүрген тәтті торт жеңіз немесе дүкен аралап, киім сатып алуға тырысыңыз. Мұның барлығы сізге ачйтарлықтай мотивация болатынына сеніңіз.

Өзіңізді жақсы көруді үйреніңіз. Тіпті, қазіргідей томпақ күйіңізде де осылай жасауға міндеттісіз. Өзіңді жақсы көру арқылы өзгелердің сізді жақсы көруіне мүмкіндік бересіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Дәрігер МЫНА жемістерді АС МӘЗІРІНЕ қосу керектігін айтты


Қарындағы майды кетіретін 3 ЛАЙФХАК