​Иммунитетті әлсіретіп, арықтауға кері әсерін тигізетін 6 ДИЕТА

0
3 033

Денсаулығыңыз сыр бере бастаса, диетаңызды ауыстырыңыз.


​Иммунитетті әлсіретіп, арықтауға кері әсерін тигізетін 6 ДИЕТА

Көптеген қыз-келіншектер ғаламтордағы диеталар арқылы арықтауға болады деп ойлайды. Алайда диета ұстау үшін алдымен диетологпен кеңесіп алған дұрыс. Егер ондай мүмкіндігіңіз болмаса денсаулығыңызға кері әсерін тигізетін мына 6 диетаны біле жүріңіз.


Белсендірілген көмірден тұратын диета

Белсендірілген көмір ағзадан зиянды заттарды шығару арқылы арықтауға септігін тигізеді. Бірақ та белсендірілген көмір тек зиянды заттарды ғана емес, пайдалысын да сыртқа шығарып, иммунитетті әлсірететін қасиеті бар.



Дара-диета

Диетаның бұл түрінде бір ғана азық түрін қолдану ұсынылады. Мәселен, тек сүзбе немесе алма жейсіз.

Қауіптілігі қандай? Бірнеше күн бойы бір ғана азық түрін жейтін болғандықтан ағзаға қажетті дәрумендер мен минералды заттар жеткіліксіз болады.


Су диетасы

Сұйықтықтан тұратын диетаның негізгі шарты – тек сұйық тағамдар ішу. Алайда осындай диетадан соң ағза қатты әрі қою тағамдарды қорытуға, сіңіруге қиналып, зат алмасу жүйесінің жұмысы бұзылады.


Көкөніс сорпасынан тұратын диета

Егер сорпаға көк пияз, қырыққабат, болгар бұрышы мен қызанақ, балдыркөкті қосып қайнататын болсаңыз, 1 аптада 8 келі салмақ тастауға болады екен.

Аталмыш диета тек көкөніс сорпасынан құралатындықтан ағзаға ешбір пайдасы жоқ. Мұндай сорпа ағзадан артық сұйықтықты шығарып, бұлшықеттерді жиырады. Бірақ артық майды жоятын қасиеті жоқ.


Лимонды диета

Тек қана лимон шырынымен арықтау мүмкін емес. Тіпті, зиянды деп айтуға болады.

Қауіптілігі қандай? Лимон диетасымен артық салмақтан арылып, біршама жиналып қаласыз. Алайда, диетадан кейін жоғалтқан сол салмағыңызды қайта қосып аласыз. Оның үстіне бірнеше күннің ішінде-ақ бұрынғы қалпыңызға келесіз. Сонымен қатар, лимон диетасының әсерінен зат алмасу жүйесінің, бүйрек пен асқорыту жүйесінің жұмысы бұзылып, асқазанда жара пайда болуы да ғажап емес.


Ақуыз диетасы

Аталмыш диетаны ұстанатындар тамақтану рационына майлар мен көмірсуларды өте аз қосады. Ал, ақуызды рационнан мүлде шығармайды.

Қауіптілігі қандай? Егер тағам үйлестірілген болса, ешқандай қиындық туындамайды. Үйлемстірілмеген ақуыз диетасы жоғарыда айтылған диеталар секілді басқа да дәрумендер мен минералдардың жеткіліксіздігін туныдатып, иммунитеттің әлсіреуіне алып келеді.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ұйықтап жатып та арықтауға болатынын білесіз бе?


Арықтау үшін кептірілген нанның қай түрін жеу керек?


Қандай ГОРМОН жетіспесе адам СЕМІРІП кетеді?