Мұндай да диета бар. Иә, иә, дәл осы диетаны ұстайтын болсаңыз, қарын мен сандағы артық майлар кетеді.
Кейбір қыз-келіншекердің сымбатында мін болмағанмен, осы аймақтар көңілінен шықпай тұрады. Сондықтан да бұл диетаны өз мүсініне көңілі толатын, бірақ қарын мен санға май жинайтындар ұстаса нәтижелі болады. Көп ұзамай-ақ, саныңыздың көлемі кішірейіп, беліңіздің жіңішкере бастағанын байқайсыз. Олай болса, бүгін мұндай диетаның екі түрін ұсынамыз.
Бірінші диета – қаталдау. Ал, екіншісі қарныңыздың тоқ жүруін қамтамасыз етіп, бір айда айтарлықтай салмақ тастауға көмектеседі. Ендеше өзіңіздің көңіліңізге ұнағанын пайдаланып, семіздіктен арылыңыз.
Екі диетада да қоңыр түсті күрішті пайдаланасыз. Себебі, қоңыр күріш ақ күрішке қарағанда В тобындағы дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Сонымен қатар, ағзадан шлактар мен токсиндерді шығарып, жылдам тазалануға септігін тигізеді.
Бірінші диета
Таңғы ас:
Ашқарынға 1,5 стақан таза су ішіп, 1-2 дана орташа көлемдегі банан жеу ұсынылады.
Түскі ас:
Майсыз ет пен көкөністерден дайындалған қайнатпа сорпа ішесіз. Мұндай сорпа жеңіл әрі ағзаны тазалауға, қажетті дәрумендермен нәрлендіруге аса пайдалы.
Кешкі ас:
Қайнатылған қоңыр күріш немесе маринадталған көкөніс жеуге болады.
Екінші диета
Таңғы ас:
170 гр. қайнатылған қоңыр күріш және де асбұршақ қосылған сорпа.
Түскі ас:
Қайнатылған қоңыр күріш, үрмебұршақ езбесін жейсіз. Күрішке сорпаның нәрлі суынан қосуға болады.
Кешкі ас:
Тағы да 170 грамдай қайнатылған қоңыр күріш пен бұқтырылған саңырауқұлақ ұсынылады.
Осындай ас мәзіріне әрбір тамақтану кезінде ашытылған қырыққабат қосып жеуге мүмкіндігіңіз бар. Себебі қырыққабат асқорыту жылдамдап, майлар ыдырай бастайды.
Екеуі де қатал диета болғандықтан барынша шыдауға тырысыңыз. Ең дұрысы бұл диеталарды өзіне сенімді жандарға ұстауға кеңес береміз. Ас мәзіріне көңіл бөліп, біз ұсынған тағамдармен ғана шектелетін болсаңыз, 2 аптада 6 келіге дейін салмақ тастауға болады. Тіпті, кейбір арулар бұдан да көп артық салмақтан арылатын жағдайлар кездескен екен.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Арықтау үшін МОТИВАЦИЯ: Мына 6 тәсілді қолданыңыз